Білім

Ғылым апталығы басталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 5-9 сәуір аралығында онлайн форматта ғылым апталығы өтуде.

Апталық аясында оқу орнында 80-ге жуық шара, атап айтсақ, «Жыл үздігі» ғылыми байқауы, «Жастар, ғылым және инновация» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, факультетішілік байқау өтеді.

Сондай-ақ жастарды ғылымға тарту мақсатында оқытушылар мен студенттер арасында бас бәйгесі 500 000 теңге болатын байқау жарияланып отыр.

Айта кету керек, университетте жыл өткен сайын ғылымға қызығушылық танытатын жастардың саны артуда. Мәселен, биыл ғылым апталығына қатысушылардың саны 1000-ға жеткен.

Еліміздегі пандемияға байланысты оқу орнында ғылым апталығы екінші жыл қатарынан онлайн форматта өтуде.

Айжан ЕРЛАНҚЫЗЫ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

университетінің 3-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button