Денсаулық

Індетті болдырмаудың ең тиімді жолы

Рано Чалабаева,

облыстық инфекциялық аурухананың бактериологиялық

зертханасының дәрігер-бактериологы

Біз, зертхана қызметкерлері, 12 наурыз күні бірінші кезең бойынша «Спутник V» вакцинасын салдырдық. Ол кезде ешқайсысымызда ауырсыну, тағы басқа теріс әсер байқалмады. Одан кейін 21 күннен кейін, яғни, 2 сәуірде екінші рет екпе алдық.

Мен екпе алғаннан кейін жарты сағат тынығып отырдым. Ешқандай ауырсыну байқалған жоқ. Дегенмен екпе алған күні түнде қызуым көтеріліп, аздаған әлсіздік білінді. Менде қызу 39-40 градус болды. Парацетамол ішкен соң, қызу қайтты. Келесі күні ешқандай әсер байқалмады. Жұмысқа кірісіп кеттім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Әріптестерімнің де жағдайы қалыпты.

Қазіргі таңда облысымыз індеттің таралуына байланысты қызыл аймақтағы өңірлер қатарында. Күннен-күнге ауру жұқтырып жатқандардың саны артуда. Сондықтан бұл аурумен ауырмау үшін екпе алу керек. Екпе — коронавирус инфекциясының алдын алудың жалғыз жолы. Сол арқылы инфекцияны әрі қарай таратпауға болады.

Біз медицина саласының қызметкерлері болғандықтан, екпе алу індетті болдырмаудың ең тиімді жолы екенін білеміз. Сондықтан облыс тұрғындарын екпе алып, індеттің одан әрі таралуына жол бермеуге шақырамын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button