Спорт

«Ақтөбенің» алғашқы жеңісі

Премьер-Лига

 Өткен жексенбі күні 3-турдың кезекті ойындары басталып, «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесті.

«Мұнайшы» стадионында өткен ойында қақпаларға 4 гол соғылды.

33-минутта «Атырау» футболшысы Рафаиль Оспанов есеп ашса, оған ақтөбеліктер үш қарымта голмен жауап берді. 45+1 минутта Максим Федин және 73-минутта Эрвейн Мукам бас төреші белгілеген пенальтилерді мүлтіксіз орындаса, 80-минутта алаңға шыққан Рифат Нурмугамет екі минуттан соң (82-минут) тағы бір гол соқты.

Осылайша жерлестеріміз биылғы чемпионатта алғашқы жеңіске ие болды.

«Ақтөбе» бұдан бұрынғы екі турда «Каспий» (Ақтау) және «Тобыл» (Қостанай) командаларымен бірдей есеппен (1:1) тең ойнаған болатын.

3-турдың нәтижелері туралы толық есеп газетіміздің келесі нөмірінде беріледі.

 Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button