Тәуелсіздік — 30

Мектептің тартуы

Тәуелсіздік — 30

Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектептің ұжымы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде мектеп ғимараты жанынан шағын жылыжай ашты.

Жылыжайдың аумағы — 24 шаршы метр. Қазір мұнда қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, баклажан, шалғам, сондай-ақ гүлдің 30-ға жуық түрі өсірілуде. Алдағы уақытта шырайгүл өсіру қолға алынбақ.

Мектеп директоры Сәбит Шүйтеновтің айтуынша, жылыжайды ашуға мектеп демеушілері көмектескен. Алдағы уақытта бұл жылыжайда оқушыларға зертханалық сабақтар өтпек. Қазір жылыжайды мектеп қызметкері Бибінұр Сатыбалдина бастаған топ күтіп-баптауда.

— Бұл жылыжайды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде ашып отырмыз. Бұл жерде биология пәнінің мұғалімдері оқушыларға зертханалық, практикалық сабақтар өткізіп, гүлдердің, көкөністердің қалай өсетінін іс жүзінде көрсететін болады. Алдағы уақытта мектеп ауласына егетін шырайгүлдер де алдымен осы жерде өсіріледі, — дейді мектеп директоры.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button