Спорт

Мемлекеттік қызметшілер жарысты

Турнир

Наурыз мейрамы қарсаңында мемлекеттік қызметшілер тоғызқұмалақ ойнап жарысты. Онлайн-турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

— Байқаудың мақсаты — мемлекеттік қызмет саласында ұлттық зияткерлік ойынымызды дамытып, танымал ету.  Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер арасында аталған ұлттық спорт түрінен сайыс ұйымдастыру үрдіске айналған. Бұл жолы турнир Ақтөбе облысының зияткерлік тоғызқұмалақ қауымдастығы мен денешынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды. Турнирге әрбір өңірден 3 ер және 3 әйел адам жалпы саны 24 мемлекеттік қызметкер қатысты, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Марина Жоламанова.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Атырау облысынан Асқар Ақтаев иеленсе,  әйелдер арасынан Ақнұр  Аязбайқызы алға шықты. Екінші орын атыраулық Тәттімбет Дауылбаев пен Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Салтанат Елубаеваға бұйырды. Жүлделі үшінші орынды ақтөбелік Ерлан Алтыбаев пен оралдық Айдана Қадырғалиева алды.   Жалпы командалық есепте  Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері  үздік атанды. Жеңімпаздар тоғызқұмалақ қауымдастығы президентінің дипломымен,  медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button