Денсаулық

Қаржы көлемі өседі

Денсаулық сақтау саласын дамытуда пациенттердің сұранысына көңіл бөлінеді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары  Марат Шорановтың айтуынша, алдағы уақытта медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе, ауылдық жерде медициналық көмек дер кезінде көрсетілуі үшін ауданаралық ауруханалар ашылады. Нәтижесінде медициналық көмек алатын адам саны 2,5 миллионнан  5,2 миллионға дейін артады. Шалғайдағы елді мекендерге жылжымалы медициналық кешен көмек көрсетеді. Бұл ретте диагностика, бейінді мамандар қызметіне көңіл бөлінеді.  Нәтижесінде жылына көмек алатын адам саны 2,6 миллионға дейін артпақ. Амбулаториялық-емханалық қызметтерге бөлінетін қаржы мөлшері көбейеді. Мәселен, медициналық оңалтуға бөлінетін қаржы 4 есеге артса, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы  40%-ға өседі,  консультациялық-диагностикалық қызметтерге 22%-ға дейін, жоғары технологиялық медициналық қызметтерге, оның ішінде томотерапия мен ЭКҰ-ға 2,6 есеге дейін қаржы көлемі өседі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button