Денсаулық

«Е-Health» экожүйесі әзірленді

Қазақстанда дәрілік заттар жүйесін жоспарлау және қадағалау үшін дәрілік заттардың электрондық жоспарлау жүйесі енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары  Марат Шоранов мәлімдеді.

Министрлік денсаулық сақтау саласын цифрландыруда «Е–Health» бірыңғай ашық экожүйесін әзірледі. Бұл жұмыс процесін ұтымды етуге, шығынды оңтайландыруға, медициналық көмекті есепке алу мен жоспарлаудың тиімділігін арттыруға және ресурстарды басқаруға мүмкіндік береді, —  деді М.Шоранов.

Қазір тұрғындар  e-gov mobile, «Вакцинация» сервисі, sms-хабарлама, жеке кабинет, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисін, яғни IT-технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады.

Вакцинация туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізіледі. Бұл вакцина алғандардың санын есепке алу, жоспарлау, болжау жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Тұрғындарды иммундаудың қаншалықты тиімді екенін анықтауда жұмысты жеңілдетеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button