Мәдениет

Тілектер айтылды, әндер шырқалды

Өткен аптада С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Армысың, гүл көктем!» атты мерекелік кеш өтті.

Кешке облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Алмас Сүлеймен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тәрбие-идеология бөлімінің басшысы Ербол Ерменғалиұлы, ҚР Ұлттық ұланы №6655 әскери бөлімінің офицері, аға лейтенант Досжан Тоқтаров және бөлімнің оркестр мүшелері, №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастырушысы Еламан Смағұл, №30 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Телман Досжан қатысты.

Шарада кеш қонақтары мерекелік тілектерін жеткізіп, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқушылары Ақниет Жеткірбай мен Алдаберген Оразов, сондай-ақ Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқушысы Өмірзақ Абдолов кітапхана қызметкерлеріне арнап ән орындап, өнер көрсетті. 

Кеш соңында кітапхана директорының міндетін атқарушы А.Қырымқұлова мен кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Мәмбетова ұжымды мерекемен құттықтап, кешке қатысқан қонақтарға ризашылықтарын білдірді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button