Спорт

Ақтөбелік шаңғышылар үздік үштікке енді

Шығыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлерінен жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр.

Дүбірлі додаға республиканың түкпір-түкпірінен 80-нен астам жас шаңғышы жиналған.

Жарыста ақтөбелік спортшылар Бексұлтан Ернұр мен Демеужан Батыржан командалық спринт бойынша сайысқа түсті. Қос спортшы бұл сында 4200 метрді  жүріп өтіп, уақыт айырмашылығымен үшінші орынға ие болды.

— 6 наурыз күні ерлер жекелей спринтте сайысты. Бұл сында ақтөбелік жастар жоғары нәтиже көрсете алмады. Есесіне топтық жарыста үздік үштіктен көрінді. 2015 жылы осы чемпионатта ақтөбелік спортшылар Асқар Нұркен мен Асланбек Тағыбергеновтер қола жүлдеге ие болған еді. Міне, алты жылдан соң қайта қолаға ие болып отырмыз, дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ерлан Мұқан.

Жастар арасындағы ел біріншілігіне Ақтөбеден 4 спортшы катысуда. Олар — Нұртас Төлегенов, Асылхан Бақытов, Бексұлтан Ернұр және Демеужан Батыржан.

Алдағы күндері спортшылар 10 шақырым қашықтықта жекелей сында жарысқа шығатын болады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button