Тәуелсіздік — 30

«Туған жерге тағзым» акциясы: 320 нысан пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл — арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет», — деп атап көрсеткен еді.

Облысымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту аясында жоспарланған іс-шаралар, тәуелсіз елдің басты тірегі саналатын халықтың, қоғамның бірлігін нығайту үшінатқарылып жатқан жұмыстар, басқа да мәселелер төңірегінде біз облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Мұратқалиұлы Көпеновпен сұхбаттастық:

Сөз басындаТәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту аясында жоспарланған іс-шараларға тоқталсаңыз?

—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзіндеқұр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын атап өтіп, «Әрбір іс-шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет»,— деп тапсырды.Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту аясындағы іс-шараларды жоспарлағанда ел басшысының осы сөзі негізге алынды.Жоспарға нақты іс-шаралар, атап айтқанда, әр сала бойынша «30 нақты іс», «30 қайырымды іс», «30 жаңа есім», «30 жетістік» жобалары енгізілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске асырудың маңызы өте зор.Бұл бастама Ақтөбеде де қолдау тауып, алғашқы шара барысында меценаттар мен еріктілердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарға денсаулығын түзеу үшін жергілікті «Шипагер» шипажайына жолдамалар және жалғызбасты анаға пәтер алу үшін алғашқы жарнаға қажетті қаржы тапсырылды. Бұл ізгі шараға бизнес өкілдері, азаматтық сектор өкілдері, жастар, Қазақстан халқы Ассамблеяның мүшелері, жалпы өңір тұрғындары  қолдау білдіріп жатыр.

Жалпы алғанда,Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарында 90-ға жуық ірі әлеуметтік нысанның ашылуы, «Тәуелсіздікке тағзым», «Ақтөбем — алтын бесігім» арнайы жобаларыаясында өткізілетіністер бар.

Ұлтруханиятындаайрықша орны бар тұлғалар: жыр алыбы ЖамбылЖабаевтың 175 жылдығы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың — 155 жылдық, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың— 150 жылдық, сондай-ақ «күш атасы» атанған Қажымұқан Мұңайтпасовтың— 150 жылдық, «ақ тарының атасы» атанған Шығанақ Берсиевтің 140 жылдық мерейтойлары да биылғы мерейлі жылға тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мерейтойлардың бәрі лайықты деңгейде атап өтілетін болады.Әрине, қазір әлемде пандемия. Сондықтан барлық іс-шара кезінде санитарлық талаптардың сақталуы ескеріледі.

— Былтырғы жыл да мерейтойларға толы жыл болған еді. Дегенмен әлемдік пандемияға байланысты жоспарларға өзгерістер енгізілгені белгілі. 2020 жылғы мерейтойларды мағыналы өткізе алдық па?

— Өткен жылы облыс бойынша атаулы даталарға арналған 500-ден астам қоғамдық-маңызды іс-шара өткізілді. Мысалы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің — 1150 жылдық, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының — 175 жылдық, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының — 25 жылдық, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың — 95 жылдық, композитор Шәмші Қалдаяқовтың — 90 жылдық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойларыатап өтілгені белгілі. Осы аталған мерейлі даталар және2020 жылдың Волонтерлер жылы болып жариялануына байланысты жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігініңформаты ауыстырылып, онлайн режимінде өткізілді.

Әлемді әбігерге салған пандемия кезінде біздің басқарманың қызметкерлері халыққа нақты ақпаратты уақтылы жеткізу ісін ұйымдастыруға баса мән берді. Осыған бір адамдай жұмылдық.Өйткені карантиндік шектеулер кезіндемемлекеттік органдар тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде халыққа тез әрі түсінікті жеткізе білу өте маңызды.Бұл өз кезегінде теріс ақпараттардың таралуына жол бермейді.

Сондықтан ақпарат тарату және түсіндіру жұмыстары телеарналар, газет-журналдар, сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы күн сайын дамылсыз жүргізілді.

Өңірлік телеарналар арқылы «Ақпараттық сағат», «Індет пен міндет», «Әкім сағаты-Час акима», «Дәрігер кеңесі»бағдарламалары тікелей эфирге шығарылып, мұндакөпшілікке ресми мәліметтер және ақпараттармен қатар, дәрігерлер мен түрлі салалар бойыншамамандардың кеңестері да ұсынылды.

Еліміз бойынша төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бастап республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына7 мыңнан астам материал әзірлеуге атсалыстық.

— Билік бұқараға жақын болу керек. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығы айрықша…

— Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, әрине, қоғам тарапынан зор қолдау тапты.Президент өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылына, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуына зор маңыз берілетінін атап көрсетті.

Сондай-ақ елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы жаңа заң қабылданды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес,қарапайым көпшілікті толғандырған негізгі мәселелерге уақтылы әрі толық жауап беру үшін жергілікті мемлекеттік органдар мен олардың басшыларының халықпен кері байланыс орнату мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Ақпараттық технологиялар дамыған бүгінгі замандамемлекеттік органдар мен олардың бірінші басшылары әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек. Қазір мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілер арқылы халықпен күнделікті байланысы жақсы жолға қойылып отыр.

Мемлекеттік органдар күн сайынхалықтан әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініш-шағымдарды назарға ала отырып, мәселені мүмкіндігінше тез аралықта шешу жолдарын қарастырады. Сондай-ақмемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етіп, осы жұмыстардың мақсатын түсіндіруүшін тікелей эфирлер мен брифингтер де ұйымдастырылады.

Өз кезегінде ішкі саясат басқармасы мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жұмыстарына талдау жасап, мониторинг жүргізіп отырады.

—Азаматтық қоғамның бір тірегі — үкіметтік емес ұйымдар. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, сондай-ақмемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жөнінде айтсаңыз?

— Облыста 6 саяси партияның филиалы, 17 этномәдени орталық, 10 салалық кәсіподақ және 150-ден астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Қазіргі таңда салалық ұстаным талаптары бойынша әр мемлекеттік орган қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс орнатып, бірлесе жұмыс жасауы тиіс. Өйткені қоғамдық ұйым жетекшілерінің жақсы бастама-ұсыныстары және әрбір қоғамдық ұйымның өз аудиториясы бар. Олар өз саласы, өз бағыттары бойынша проблемалармен жақсы таныс.

Өңірде түрлі бағыттар бойынша өз жұмыстарын тұрақты жолға қойғанүкіметтік емес ұйымдар бар.Соның ішінде,балаларды, жастарды, әйелдерді қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, адам құқықтарын қорғау, білім беру, отансүйгіштікті, рухани-мәдени мұраны, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау бағыттарындағы ұйымдардың белсенді жұмыс жасап келе жатқанын көпшілік жақсы біледі.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері облыстық жергілікті атқарушы органдар жанындағы 25 кеңес беруші-консультативтік органдардың құрамына кіріп, түрлі мәселелерді бірлесе шешуге қатысып отыр.

Өткен жылдан бастап,Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы ішкі саясат басқармасының қарамағына берілді.Бүгінгі таңда облыста 17этномәдени орталықжұмыс жасайды. Ассамблея ғимаратында барлық этномәдени орталықтардың жақсыжұмыс жасауына мүмкіндік бар.

Қазіргі күні Ассамблея ғимаратында этномәдени орталықтармен қатар, «Рухани жаңғыру» орталығы мен мемлекеттік тілді оқыту орталығы да орналасқан. Бұл Ассамблея мүшелері мен этномәдени орталықтардыңіс-шараларын «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесе, үйлестіріп өткізуіне мүмкіндік береді, сонымен бірге мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс білдірген өзге ұлт өкілдерінің саны да артып отыр. Бұл ретте, әсіресе жастар жағының белсенді екенін атап өткім келеді.

Орталықтардың шығармашылық ұжымдары халықаралық, республикалық, аймақаралық, облыстық фестивальдер мен конкурстарға тұрақты қатысып келеді.

Ассамблея жанынанқұрылған қоғамдық келісім кеңесі, «Бірлік» ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Бірлік» волонтерлік орталығы мен медиация кеңесі сияқты кеңесші-консультативті органдар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтужолында жұмыс жасайды.

Енді аз күннен кейін 1 наурыз — Алғыс айту күнін атап өтеміз. Бұл мерекенің идеологиялық мазмұн-маңызы өте терең. Бұл күні Ассамблея мүшелері, Ассамблеяның жастар қанаты қазақ халқына алғысы мен ризашылығын білдірумен қатар, коронавирус пандемиясына байланысты сын сағатта алдыңғы шепте болған дәрігерлерге, ұстаздар мен полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі кездеАссамблея жанынан өңірлік Медиаторлардың үйлестіру кеңесін ашу мәселесі күн тәртібінде тұр. Себебі қоғамда жас отбасылардың ажырасуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтар көбейіп барады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жаңа қадамдар керек.

Бүгінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатары көп. Дегенмен олардың әрқайсысы өз алдына жұмыс жасап жатыр. Сондықтан қоғамдағы күрделі мәселелерді бірге талқылап, саралау үшін кәсіби медиаторларды бір арнаға жұмылдырсақ дейміз, сонда олардыменталитетімізге жат құбылыстардың алдын алужолындағы жұмыстары нәтижелі болмақ.

— Саяси және экономикалық жаңғырулардың іске асуына, ең алдымен, рухани жаңғырудың әсер-ықпалы зор. Осы орайда 2017 жылы қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы қалай деген сұрақ әрдайым көкейде жүреді?

— Әр буынның көтерер өз жүгі бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін қажет қадамдар, осы ұлы мақсаттар жолында бүгінгі ұрпаққа жүктеліп отырған міндеттер сараланып, айқындалған.

Бағдарлама қабылданғалы бергі 3 жылдан астам уақытта 13 арнайы жоба  мен 6 бағыт бойынша облыста қыруаржұмыс жасалды. Қысқаша ғана тоқталсам, «Туған жер» арнайы жобасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 320 әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді. Өңіріміздегі ел-жұртқа жанашыр кәсіпкерлердің қолдауымен облыста бағдарламаның материалдық базасы жасалды. Демеушілер қаржысынатарихи тұлғаларғаескерткіштер ашылды.

«Әдеби өлкетану» жобасы аясында «Ақтөбе кітапханасы» сериясының27 томы жарыққа шықты. Бұл кітаптарға 34 қаламгердіңүздік шығармалары енген.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясындағы республикалық маңызы бар киелі жерлердің тізіміне біздің облыстан 10 ескерткіш енгізілді. Осы жоба аясында 97 ескерткішке, оның ішінде облыс орталығы аумағындағы 39 ескерткішке және аудандардағы 58 ескерткішке бірегей және жекелеген QR-кодтар орнатылды.

Енді бағдарламаны жүзеге асырудың келесі кезеңіне өту мақсатымен«Үнем — қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Құқықтық мәдениет», «Еңбек — елдің мұраты» аталатын төрт жаңа арнайы жоба бойынша жұмыстар қолға алынады.

Сұхбаттасқан И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button