Мәдениет

Ән әуелеген кеш

Жексенбі күні Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында көрермендердің сұрауы бойынша А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің «Позови меня с собой» атты концерті өтті.

Кеште Ш.Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең», «Әнім сен едің», «Бәрінен де сен сұлу», Джо Дассеннің «Если бы не было тебя», Игорь Крутойдың «Любовь похожая на сон», Естайдың «Құсни Қорлан», Исаак Шварцтың «Любовь и разлука», Татьяна Снежинаның «Позови меня с собой», т.б. белгілі композиторлардың танымал әндері мен романстары орындалды.

Концерттік бағдарламаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Аймұрат Мәжікбаев, Бэджо Калмыков, Дина Атамқұлова,  Айбек Қарағұлов, Аида Оразова, Данияр Құлжанов, Мерей Самұрат, Нұржан Оразов, Арайлым Хакім, Тимур Мырзағалиев және «Forza» тобы қатысты.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов. Бас дирижері — ҚР мәдениет саласының үздігі Мәдина Қабижанова.

Кеште оркестрдің және әншілердің өнеріне, орындау мәнеріне риза болған көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button