Жастар

Әлемді мейірімділік құтқарады

Акция

Темір ауданындағы бір топ ерікті жас «Біз біргеміз» атты ұранмен көше тазалайтын жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты, олардың орнына бір мезгіл қар аршыды.

Мұндай игілікті іске аудандық жастар саясаты және дін істері орталығы мен пробация қызметінің еріктілермен бірлесіп жасаған меморандум мұрындық болды. Жоғарыда аталған мекеме мен волонтерлер 1 күнін қайырымды акцияға арнап, үйілген қарды жинады, техникалық қызметкерлердің көңілін аулады. Қыстың ызғарлы күнінде жігіттер мен қыздар ыстық шай мен бауырсақтан дәм татқызуды да ұмытқан жоқ.

Аудандық жастар саясаты және дін істері орталығының психологі Диана Исқұлованың ұйымдастыруымен өткізілген шара, бір жағынан, жастардың да бір уақыт сергіп, таза ауада тыныстауына сеп болды. Өйткені далада қар аршудың өзі — спорт.

Шұбарқұдық кентіндегі орталық алаңды қардан тазартқандар бұл акцияның алдағы уақытта да жалғасатынын баян етті. Ал көше тазалайтындар алғысын айтып, еріктілердің бақытты болуын тіледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.    

Басқа жаңалықтар

Back to top button