Әкімдер есебі

Тасқопалықтар жол жөнделгенін қалайды

Темір ауданының әкімі Жолдас Батырханның халыққа есеп беру кездесуі Тасқопа ауылдық округінде өтті.

Алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстар айтылған дәстүрлі шарада былтыр округ орталығы — Теректі ауылына көгілдір отын беріліп, су желісі іске қосылғаны тілге тиек етілді. Пандемияға қарамастан, қолға алынған өзге де шаруалар жайы баяндалды.

Өз кезегінде тұрғындар Ақтөбе-Атырау республикалық тасжолы мен округ орталығын байланыстыратын жолды жөндеу туралы мәселе көтеріп, бұл — ауылдықтарды көптен бері толғандыратын түйткіл екенін жеткізді.

Аудан әкімі өз сөзінде аталған мәселені шешу мақсатында қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын, ол дайын болғаннан кейін алдағы жылдары жол мәселесі толық шешілетінін айтты.

Айбек СЕРІК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button