Пікір

Жаңа белеске жетелейді

Айсәуле БЕКЕТ,

№4 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы әсіресе жастарға жаңа серпін мен жаңа белестерді бағындыруға жігер қосты.

Мақалада еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайлы кеңінен айтылған. Президентіміз: «Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек», — дейді. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз — Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.

Еліміз кемелді келешекке қарай бағыт ұстады. Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Егемен еліміз — Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп, абыройын асыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.

 Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button