Экономика

«Жол картасының» игілігі

Жұмыспен қамту-2020

Биыл наурыз айында халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және кірісті қамтамасыз ету, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мақсатында инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасауды мақсат еткен 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бекітілген болатын.

— «Жол картасы» аясында биыл облысқа 303 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін 45,3 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі таңда жобаларға жауапты мердігер мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру аясында барлығы 11422 жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5823 адам жұмысқа орналастырылды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде қатысушылардың жалақысы 87 300 теңге болып белгіленді. Жобаларда жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңа нысандардың құрылысы есебінен 375 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады, бүгінде 16 тұрақты жұмыс орны құрылды. Облыста халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту мақсатындағы жұмыстар жалғаса бермек, — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Данабек Орынбаев.

Бөлім басшысы «Жол картасында» ең әуелі әлеуметтік-мәдениет объектілерін, анығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт, ойын-сауық және демалыс орындарын салуға және күрделі жөндеуге басымдық берілетінін, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне су, газ, жылумен жабдықтау, электр желісін тарту мен кәріз жүйелерін  орнату, күрделі және орташа жөндеу жүргізу қарастырылғанын айтты. «Инженерлік-көлік инфрақұрылымын, яғни қалалық автомобиль жолдары, ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, тротуарлар, бөгеттер, көпірлер, арналар, су шаруашылығы нысандары және құрылыстарын күрделі немесе орташа жөндеу, қайта қалпына келтіру де осы «Жол картасында» көрсетілген. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандырып, көгалдандырып, балаларға арналған ойын және спорт алаңқайларын абаттандыру да — «Жол картасының» міндеттерінің бірі», — дейді Данабек Айсұлтанұлы.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button