Спорт

Футбол 

Келесі жылға қалған дода 

Өткен аптада кезекті Еуропа чемпионатының ақырғы турниріне қатысатын командалар толық белгілі болды.

ХVІ чемпионаттың финалдық кезеңіне қатысатын бұл ұлттық құрамалар 6 топқа бөлінді:А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария.

В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия.

С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония.

D тобы: Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия.

Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия.

F тобы: Германия, Португалия, Франция, Венгрия.

Бұл чемпионат негізі биылғы жазда өтуі тиіс болатын. Дегенмен коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға шегерілді. Сондай-ақ турнир Еуропаның 12 қаласында өтетіні де айтылған еді. Бірақ УЕФА қазірдің өзінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қалалардың саны қысқартылуы мүмкін екендігін де ескертіп отыр.Жарысты ұйымдастырушылар ресми кездесулердің кестесін де ұсынды. Турнир 11 маусымда Түркия мен Италия кездесуімен ашылады да, финалдық ойын тура бір айдан соң, 11 шілдеде өткізіледі.Дода 2021 жылы өтетіндігіне қарамастан «УЕФА. Еуро-2020» деп аталатын болады.

Е.АҚАТҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button