Абай — 175

Абай мұрасы

Қобдада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы» атты Абай әндерінің облыстық онлайн байқауы өтті.  Шара мақсаты — Абай шығармаларын насихаттау.

— Байқаудың шарты бойынша қатысушы талапкерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылған жоқ.  Қатысушылар өз өнерлерін видеоға түсіріп жіберді.  Үміткерлеріміз  Абай әндерін эстрада (минусовка) немесе аспаппен орындады. Байқауға Шалқар, Мұғалжар, Темір, Ырғыз, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Қобда аудандарынан 8 үміткер қатысып, бақ сынасты. Үміткерлердің өнерін республикалық байқаулардың жеңімпаздары, кәсіби мамандар бағалады, — дейді байқаудың ұйымдастырушысы  Қобда аудандық Мәдениет үйінің әдіскері Айман Сарбала.

Шара Қобда ауданы әкімшілігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысының нәтижесінде жүлделі  І орынды Қарғалы ауданынан  Нұрдәулет Қуандықұлы, ІІ орынды Шалқар ауданынан Әсет Оразаев, ІІІ орынды  Қобда ауданынан Рауан Есбаев пен Байғанин ауданынан Елдос Қожабаев иеленді. Ал қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

 Ардақ МҰРЗАБЕКОВА,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button