Әлеумет

«Банк Центркредит» жұртшылық сеніміне ие болды

Ақтөбе қаласын қазіргі уақытта жұртшылық шын мәнінде Батыс Қазақстан аймағының орталығы деп лайықты бағалап жүр. Бұл негізінен алғанда тиімді географиялық орналасуымен және өңірдегі іргелі кәсіпорындардың ел экономикасы дамуында оңтайлы жинақталуымен, сондай-ақ дамыған инфрақұрылымдарымен сабақтастырылады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалы біздің аймақтағы екінші деңгейдегі табысты дамушы банкілердің қатарында саналады. Бұл банк тұрғындармен белсенді жұмыс істейді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен ынтымақтастықта байланыс ұстанады, облыс пен қаланың әлеуметтік және қоғамдық өміріне ынталы түрде қатысып отырады.

Жергілікті тұрғындар арасында «Банк ЦентрКредит» жоғары беделімен және қызмет түрлерінің саналуандылығымен, сондай-ақ көпшілік үшін қолжетімділік, тұрақты дамушылық ерекшеліктерімен дараланады.

Қаржыгерлер күні қарсаңында біздің сұрақтарымызға «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалының директоры Самат Қарабекұлы Сарқытбаев жауап береді.

— Самат Қарабекұлы, сізді ең алдымен, бұл қызметке тағайындалуыңызбен құттықтағымыз келеді. Жаңа басшылық сатысындағы еңбегіңізге табыс тілейміз. Сөз басын біздің оқырмандарымыз үшін өзіңізді таныстырудан бастасаңыз.

— Мен Мәскеудің бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін бітіргенмін, ал банк саласындағы жалпы жұмыс өтілім он бес жылға жақындайды. Әр жылдарда «ТұранӘлем Банк» АҚ-ның Қызылорда, Маңғыстау облыстық филиалдарын және Алматы қалалық филиалын басқардым. Осының алдындағы жұмыс орным мен қызметім – «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары.

Мен республикамыздың біраз аймақтарында басшылық лауазымдарда қызмет атқардым. Ақтөбеге келгендегі алғашқы әсерім айрықша деп айтуға болады. Мен мұнда келгелі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесіп үлгердім. Менің байқауымша, олар арқылы мұнда озық идеялы өте іскер адамдар бар екендігіне көзім жетті. Сондай-ақ адамдардың сыпайы, өзара достық қарым-қатынастары ұнады. Сондықтан да Ақтөбенің өз тұрғыны болып кетемін ғой деп ойлаймын.

Әрине, уақыт талабына сәйкес мен көп уақытымды жұмысқа арнаймын, дегенмен төрт ұлымды да назарда ұстауға уақыт табамын ғой деп ойлаймын.

— Сіз шамасы қай жерді де жатсынбай, адамдармен тез араласып кететін секілдісіз, оның үстіне жедел шешім қабылдауға бейім сынды көрінесіз, бұл бір жағынан баяғы алыс алқапқа жол тартқан тыңгерлерді елестетіндей.

— Сіз дұрыс айтасыз, мен жұмыс орнымның қай аумақта болғанына қарамастан, қызмет істей беруге үйренген адаммын, мінезім жағынан оптимиспін. Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы еңбек жолдарым – осының нақ дәлелі болса керек. Маған әртүрлі адамдармен танысып, тіл табысу ылғи да тартымды, мамандығымның өзі көпшілікпен ашық болуға міндеттейді. Сондықтан да Ақтөбеде жұртшылық мені осылай қабылдайды ғой деп ойлаймын.

Менің түсінігімде, Ақтөбе – жедел даму үстіндегі қала, бұл жерде ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығына еш күмәнім жоқ. Ең бастысы, жаның қалаған жұмысқа теріңді төгуге, өз мүмкіндіктеріңді толық жүзеге асыруға жол ашық деп ойлаймын.

— Самат Қарабекұлы, сіздің таңдауыңыз неліктен «Банк ЦентрКредитке» түсті, бұл құрылым басқаларынан несімен ерекшеленеді, банктің бүгінгі күнгі ахуалы туралы айтып берсеңіз.

— Ең алдымен айтарым, бұл банк – тұрақты және қалыпты түрде ілгерілеу үстінде. Мәселен, өткен жыл елеулі қаржы нәтижелерімен аяқталды. Егер біздің банк 2007 жылы тұрғындардың қаржы салымы жөнінен республикалары банкілері арасында бесінші орында болса, қазір үшінші тұғырнамаға көтерілдік. Әрине, мұндай табыстың топ-менеджерлерінің және тұтастай алғандағы команданың кәсібилігі нәтижесінде пайда болатындығы сөзсіз. Тұрғындар салымының көрсеткіші – бұл біздерге халық сенімінің индикаторы, бір қуанарлығы, ол ұдайы түрде өсіп келеді.

Банк командасы – табыстың қайнар көзіне себепші факторлардың бірі. Қызметкерлер тұрғысынан банк саясаты – біздің жүйемізде кәсіби жолмен жұмыс істеуі тиіс, олар үшін қолайлы жағдайдар жасалады.

Адамдар неге «Банк ЦентрКредитті» таңдауы тиіс? Менің бірсыпыра жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибем рыноктағы ахуалды сарапқа салып, жағдайды бағалауға мүмкіндік береді ғой деп ойлаймын.

Сондықтан да «Банк ЦентрКредитке» сенуге болатын және онымен әріптес болуға жол ашатын бірнеше себептерді атағым келеді, олар:

– Биылғы жылы «Банк ЦентрКредитке» 22 жыл толды. Осы уақыттардың барлығында да банкті үзіліссіз бір ғана жоғары білікті және игі тілектестіктегі менеджмент басқарды. Ал тұрақтылық – сенімділік негізі.

— «Банк ЦентрКредит» «Бизнес бизнес үшін» маңызды принципін ауытқусыз сақтайды. Демек, бұл саясиландырылмағанын білдіреді, банк көлеңкелі бәсекелестіктен қашады, өз мүдделерін билік құрылымдарының ырқына жібермейді, сонымен бірге өз клиенттерінің бизнестеріне қол сұқпайды.

— Банк өтімділік міндеттерін табысты түрде жүзеге асырды. «Банк ЦентрКредитте» 2010 және 2011 жылдарға сыртқы қарыздарды елеулі шегеру міндеттері жоқ. Өмір ойлы консерватизм саясатының дұрыстығын көрсетті.

— Оңтүстік кореялық Kookmin Bank өзінің инвестициялық жоспарларының ұзақ мерзімділігін дәлелдеді және өз үлесін 42%-ға жеткізді. Kookmin Bank – Оңтүстік Кореядағы активтерінің көлемі бойынша ең ірі банк, мұның өзі корей тілінен аударғандағы «Халықтық» деген атаудың ақиқатын да білдіреді.

— Сыртқы заемдар рыногының жабықтығы жағдайында шетелдік қаржы институттары банкіге сенімді екендігін көрсетуде. Мұның өзі Бүкіләлемдік Банк тобы мүшесі, IFC-пен келісімді дәлелдей түседі. IFC капиталдағы 10% мөлшеріндегі үлесті алды.

— «Банк ЦентрКредитте» Қазақстандағы ең ірі филиалдар желісінің бірі бар, олар: 20 филиалдар мен филиалдардың 180 құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ «Банк ЦентрКредиттің» Ресейдегі, Мәскеуде орналасқан еншілес банкі. Ақтөбеде заңды және жеке тұлғалар үшін толық қызметтер ауқымын көрсететін алты есептесу-кассалық бөлімшелері жұмыс істейді.

— 2007 жылдың жазынан бері біздің елімізде осы салада әр қилы жағдайлар көрніс берді, банкілер бұрынғы шарттарды күрделілендіріп, несиелендіруді  іс жүзінде тоқтатты, сол уақыттан бастап несиелендіру саласындағы банкілердің саясаты түбірінен өзгерді. «Банк ЦентрКредитте» несиелендіру жағдайы қандай күйде?

— Ежелгі уақыттағы данышпандар айтқандай, «өтпелі кезеңде өмір сүрме». Біз экономика дамуының заңдары бойынша циклді түрде, яғни өсуден кейін құлдыраулар және тоқыраулар болатындығын білеміз. Сондықтан да қазіргі ақылды адамдар дағдарысқа дамудың айналып өтуге болмайтын кезеңі, сапалық секіріске дайындалу мүмкіндігі, құндылықтарды қайта бағалау уақыты ретінде қарайды.

Банк басшылығы осы кезеңде ішкі міндеттерді шешумен шұғылданды, олар: бизнес-процестерді, қызмет көрсету сапасын жақсарту, болашақ сапалық дамуға дайындалу үшін қызметкерлерді оқыту.

Уақыт «Банк ЦентрКредит» жүйесінің торығушылық құбылыстарына төзімділігін көрсетті. Банк қалыптасқан жағдайдан оңтайлы шыға білді. Бұған мынадай екі сәт көмектесті: біріншіден, банк құрылыс жұмыстарына дендеп енген жоқ, екіншіден, ауқымды сыртқы қарыздары болмады. Банкілерде несиелерді шегеру бойынша ахуалдың нашарлауына қатысты ақиқатқа қарамастан, бізде төлемді өтеуді кешіктіру экономикалық жағдайға барабар мүмкіндік шегінде тұр.

Рыноктағы үдемелі іскерлік белсенділігі мен жанданудың алғашқы белгілерінің көрініс табуымен біздің банк несиелерді неғұрлым қолжетімді етуге шешім қабылдады. Қарыз алушыларға қойылатын талаптар оларға мейлінше ыңғайластырылып жасалды. Жеке тұлғалардың өтініштерін олардың табыстарын дәлелдеусіз қарау мүмкіндігі туды. Несиені ресімдеудегі комиссия қарыз сомасынан 1,1%-дан 0,5%-ға дейін төмендетілді. Бөлшек несиелік өнімдердің барлық желілері бойынша мөлшерлемелер төмендету жағына қарай қайта қаралды. Мысалы, берік кепілдікпен жаңа несиелер бойынша егер қарыз небары бір жылға алынатын болса, негізгі қарызды мерзім соңында шегерумен 10%-бен несие беру мүмкіндігі туды. Бүгінгі күні ипотека кепілдік сапасы және мерзімі, табысына қатысты жылдықтың 13%-нан берілетін болды. Сондай-ақ ипотекаға бастапқы меншіктік қатысу бойынша ипотекадағы талаптар 20%-ға дейін төмендеді. «Жеке қолма-қол» несиелендіру кепілдіксіз бағдарламасы бойынша кәдімгі мөлшерлемені жылдықтың 40%-нан 35%-ға дейін, «Капитал» зейнетақы қорының салымылары үшін 30%-дан 25%-ға дейін азайтты. Несиелік карточкалар белсенді түрде енгізіле бастады. Олар бойынша іс жүзінде 20 күнге дейін пайызсыз ақша алуға мүмкіндік беретін револьверлік несиелер бере аламыз. 20 күннен асқан жағдайда ғана пайыздар төленеді.

Біз үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалары мен «2020 Бизнестің даму картасы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын басқа да бағдарламалар секілді кәсіпкерлікті сауықтыру шараларына белсенді түрде қатысамыз.

Несиелендіру саласындағы дәстүрлі және басты бағыт шағын және орта кәсіпкерлікті кәсіпорындары болып табылатындығын атап өткім келеді. Аталған сегментке біз несиелік өнімдердің ауқымды таңдауын ұсынамыз. Бұл қарыздар айналым капиталын қолдауға, өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұдан басқа, жылжымайтын мүлік, автокөлік, арнаулы техника мен жабдықтар алуға, коммерциялық жылжымайтын мүліктерді жөндеу мен қайта құрылымдауға, тағы басқалары секілді инвестициялық мақсаттарды несиелендіру қарастырылған.

— Қандай жаңа банк қызметтерін енгізуді жоспарлаудасыздар?

— Бұл ретте біздің банкімізде өте көп идеялар бар, оны білу үшін жарнаманы қадағалап жүріңіздер.

— Сіздің Банк офис алмастыруды жоспарлауда, дәлірек айтсақ, Әлия Молдағұлова даңғылындағы «Орталық әмбебап дүкен» сауда орталығы ғимаратына қоныс аударады деген сыбыс қаншалықты шындық? Біздің естуімізше, онда қазір жөндеу, әзірлік жұмыстары жүріп жатқан секілді.

— Біз шынында да жаңа ғимаратқа көшу варианттарын қарастырудамыз. Бұл, бәрінен бұрын біздің клиенттерімізге қолайлы болу үшін ойластырылмақшы. Біздің қазіргі офисіміздің алдында автокөліктерді қою проблемаға айналды, біз бұл проблеманы шешеміз ғой деп ойлаймыз. Ақтөбе қаласындағы 20 жылдық жұмыс кезеңінде банк салмақты клиенттік базаға ие болды, олар үшін ескі ғимаратта орын тарлық етуде. Бірсыпыра жұмыстар ауқымын біз өзіміздің есептесу-кассалық бөлімшелерімізге аудардық, бірақ ол да проблемаларды толық шешпейді. Сондықтан да біздің басшылығымыз қазіргі уақытта филиал офисі бойынша шешім қабылдауда. Біздің келесі әңгімеміз жаңа офисте жалғасады деп үміттенемін.

— Мазмұнды әңгімеңіз үшін, сізге, Самат Қарабекұлы, алғысымызды білдіреміз. Біздің қаламыздың тұрғындарына, сонымен бірге қаржы саласындағы әріптестеріңізге Ұлттық валюта күні қарсаңында қандай тілектер айтар едіңіз?

— Біздің теңгеміздің дүниеге келгеніне 17 жыл толады. Қазақстандағы банк жүйесінің жаңа тарихы да содан бастау алады. Ақтөбе қаласының тұрғындарын, әріптес-банкирлерімізді, клиенттерімізді осы тамаша мерекемен құттықтаймын. Барлығыңызға да қаржы тұрақтылығын, бизнес табыстылығын және қалталарыңыздың теңгеге толы болуларын тілегім келеді.

Сұхбаттасқан Ләззат ЕГІБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button