Білім

Балаларды оқыту мен дамытудағы телевизияның рөлі

Бейнесабақтар

Бүгінгі таңда балалар — ақпараттық технологияның белсенді қолданушылары: олар сөйлеу, жазу, оқуды теледидар, мультимедиялық бағдарламалар мен гаджеттер арқылы үйренеді. Ата-аналар баланы тәрбиелеу мен дамытуда әртүрлі IT-технологияларды белсенді пайдаланады.
Балаларды оқыту процесінде телевизияның пайдасы өте зор. Коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезеңінде ТВ білім беру функциясы ерекше өзектілікке ие болды. Биыл наурыз айында қазақстандық оқушылар қашықтан білім алуға көшті, әрі үйде отырып білім алудың қосымша шарасы ретінде отандық «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында бейне-сабақтар берілді.
Осы жаңа оқу жылы оқушылар үшін телесабақтардан басталды, олар жұмыс күндері таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Дүйсенбіден жұмаға дейін еліміздің үздік педагогтері оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, 1-11 сынып оқушылары үшін теледидар экранынан сабақтар жүргізеді.
Білім министрлігінің «Телемектеп» жобасы балаларға карантин кезеңінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазтелерадио» АҚ телевизиялық сигнал еліміздің әр бұрышына, әсіресе интернеті жоқ елді мекендерге дейін жетуіне қызмет жасайды, сол арқылы барлық қазақстандық оқушыларға қашықтан оқуды қолжетімді етеді. Телехабар тарату сапасын одан әрі жақсарту үшін «Қазтелерадио» ұлттық операторы аналогтық телехабар тарату желісін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Яғни балалар «Балапан», «Ел арна» телеарналарынан бейнесабақтарды кедергісіз, бейне мен дыбыстың жоғары сапасымен көре алады, бұл мектеп оқушыларының алған біліміне оң әсер етеді. Айта кетерлік жайт, цифрлық телевизия халыққа тегін — абоненттік төлемсіз ұсынылады.
Телевизиялық сабақтар өзінің тиімділігін дәлелдеді: 10 минут ішінде оқытушы оқытудың интерактивті әдістерін жеңіл және қолжетімді түрде қолдана отырып, сабақ тақырыбының негізгі мазмұнын баяндайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі балалар ақпараттық технологиялар арқылы ақпаратты тезірек және жақсы қабылдайды. Телевизиялық сабақтар оқушыларға оқу бағдарламасынан қалып қоймауға және онлайн-форматта жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қашықтан оқыту оқушылардың ақпаратты өз бетінше іздеу және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
«Ел арна» және «Балапан» телеарналарында көрсетілетін бейнесабақтарға оқушылардың ғана емес, олардың ата-аналарының да оң пікірі беріледі. Бірі қызықты ақпарат беруді айтса, басқасы нақты материалды, үшіншісі қалыптасқан жағдайда қашықтан білім беру технологиясының артықшылықтарын атап өтеді.
Балалардың дамуына басқа да теледидарлық бағдарламалар көмектеседі: балаларға арналған білім беру бағдарламалары, интерактивті ойындар, оқыту мультфильмдері және басқалар. Кейбір балалар шет тілдерін үйренеді, ал кішкентай балалар әлем туралы жаңа білім алады. Олар сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің көмегімен сөйлеу, ән айту мен билеуді үйренеді. Сондай-ақ кейбір мұғалімдердің айтуынша, телевизия балалардың бойында көп міндеттерді дамытады. Әдетте бала теледидарды көргенде, кейде бір уақытта бірнеше әрекет жасайды: тамақ ішеді, ойнайды және бір уақытта экранға қарайды. Әрекеттерді осылай біріктіргенде көп міндеттер қалыптасады. Сонымен қатар бала жан-жақтан түсіп жатқан көп ақпараттың ішінен ең бастысын оқшаулауды үйренеді, қажет емес нәрсе оның назарынан тыс қалады.
Осылайша, бүгінгі таңда телевизия жаңа білім, дағды мен шеберлік алуға және балаларды тез құбылатын әлемде жүруге үйретудің негізгі көздерінің бірі болып қала береді. Ал телерадио хабарларын тарату саласындағы «Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін барлығын жасауда.

«Қазтелерадио» АҚ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button