Басты бет » Мәдениет » Ғазиза — бас жүлде иегері

Ғазиза — бас жүлде иегері

Фестиваль

Жуырда Павлодар қаласында «Майраның салған ізімен» атты республикалық фестиваль өтті. Оның бас жүлдесін  Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Ғазиза Әбдірова жеңіп алды.
Фестиваль Ертіс өңірінен шыққан аса дарынды әнші, композитор Майра Уәлиқызының 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Байқаудың қорытынды бөлігінде іріктеуден өткен 19 әнші бақ сынапты. Солардың арасынан Ғазиза Жұбанованың есімін иемденген ақтөбелік әншінің бағы озды. Сондай-ақ павлодарлық Салтанат Қисатова,  шығысқазақстандық Алтын Смасейітова, т.б. жүлдегер атанды. Қатысушылар негізінен, Майра Уәлиқызының «Толқыма», «Бақша», «Майра» және  «Толқын» әндерін орындаған.

Айта кетейік, бұған дейін де байқауларда топ жарып жүрген Ғазиза Әбдірова — белгілі дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың шәкірті, Батыс Қазақстан дәстүрлі ән мектебін жалғастырушы дарынды әншілердің бірі.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.