Пікір

Дамудың бір тетігі — сапалы білім

Гүлдана ТУРАБАЕВА,

№4 орта мектептің мұғалімі.

Бүгінде қалыптасқан жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен

өзгерістер орын алуда. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап қашықтан оқытуды қолға алған еліміз биылғы оқу жылын да осы әдіспен бастауға мәжбүр болып отыр. Әрине, мұның барлығы оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Кешегі қашықтан оқытуда кеткен кемшіліктерді бүгін қайталамас үшін, оқушылардың толыққанды білім алуына барынша жағдай жасау мақсатында ауқымды шаралар қолға алынуда. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көрініс тапты.

Мемлекет басшысы сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін барлық санитарлық талаптарды қолдана отырып, дәстүрлі түрде білім алуға көшу қажеттігіне тоқталды. Мектеп жасына

дейінгі балаларды дамыту жолындағы кешенді жұмыстарды дамытып, 2025 жылға дейін 6 жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтуды міндеттеді. Балаларға арналған спорт секциялары мен түрлі үйірмелерді көбейтуді тапсыруы да ертеңгі болашағымыз — балаларымызды жан-жақты дамытуға арналған мақсатты істер екені айқын.

Президент Жолдауында көтерілген тағы бір мәселе ғылым саласын дамыту туралы болды. Жалпы, елдің жастары білімді, білікті болса, ғылым саласы дамыса, болашағымыздың да жарқын болары анық.

Қандыағаш қаласы,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button