Пікір

Жақсылыққа бастайтын жолдау 

Амантай АМАНГЕЛДИЕВ, 

Темір аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің

орынбасары. 

Ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша мән берді. 

Аса қауіпті  індетпен бетпе-бет күресетін дәрігерлердің, медициналық қызметкерлердің екінші жартыжылдықта жалақыларын көтеру туралы бастамасы орынды деп есептеймін. Сондай-ақ заманауи жаңа нысандарды ашу жөніндегі тапсырмасы да ерекше ұнады.

Осы орайда Темір ауданында фельдшерлік, акушерлік, амбулаторлық пункттер салу ісі қолға алынғанын айта кетсем деймін. Айталық, Қопа мен Шұбарши ауылдарында амбулаториялар жөнделіп, Еңбекші ауылында амбулаторияның құрылысы басталды. Қыркүйек айының соңына дейін Еңбекші елді мекенінде медициналық пункттің құрылысы аяқталады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдан бастап Қазақстанда бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының енгізілетіні турасында мәлімдемесі де қаншама отбасыға үлкен үміт сыйлады.

Жалпы, ауданымызда 1 емхана, 1 аурухана, 1 селолық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 16 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.  Аталмыш медициналық мекемелерде барлығы 496 адам қызмет атқарса, оның 66-сы — жоғары санаттағы білікті дәрігер, 245-і — медбике.

Ауданымыздың ақ халаттылары Жолдауды қолдай отырып, халықтың денсаулығын нығайту және сақтау мақсатында аянбай тер төгетініне сенім білдіремін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button