Пікір

Шаруаларға қолдау бар

Гүлсін АМАНҚОСОВА,

еңбек ардагері.

Ауыл — алтын бесік. Соңғы жылдары ауданда ауыл шаруашылығы саласы жанданып келеді. Оны күнделікті баспасөз бетінен оқып, біліп отырмыз. Әсіресе, мал шаруашылығын қолға алған жастар көп.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да осы бағытқа көңіл бөлініпті. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ауыл еңбеккерлерінің еңбегінің бағалануы туралы айтылды.  Атакәсіпті қолға алған жастарға үлкен демеу болары анық. Мал бағып, оның жемісін көріп отырған шаруалардың жұмысына серпін берері сөзсіз. Қазір ауданда асылтұқымды қой, ірі қара, жылқы өсіріп отырған қожалықтар көп.  Көпшілігі етін, сүтін сатып шаруасын дөңгелентіп отыр. Мемлекет басшысы осындай шағын шаруашылықтарды қолға алған тұрғындарға қолдау көрсетілетінін айтыпты. Бұл – құптарлық іс.

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button