Пікір

Ұлттық  жоба ауылдың жағдайын жақсартады 

Айнагүл СҮЙІНҒАРИНА,

 Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ауқымды мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап айтты.
Ең алдымен халқымыздың қауіпті індеттің салдарынан туындаған қиындықтардан қалай шығатыны туралы ой тастап, ауыл шаруашылығы саласының, экономиканың дамуына тоқталды.

Ауылдық жерде тұратын болғандықтан, бізді облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің дамуы қатты толғандырады.  Әлемдік пандемияның бірнеше айға созылуы елдегі экономикалық жағдайға кері әсер етті. Бұл халқымыздың тағдырымен біте қайнасып кеткен ауылшаруашылық саласына да салқынын тигізбей қоймады. Осы ретте Президент ел экономикасының драйвері болып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің түйінін шешетін бірнеше жол ұсынды. Нақтырақ айтсақ, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы мәселелері шешіліп, қой­ма және көлік инфрақұрылымын дамы­ту,  жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін арттыру, ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалау, яғни, субсидия және салық жеңілдіктерін қарастыру сынды міндеттер шешімін тапса, дұрыс болар еді.

Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, би­дай, майлы дақылдар, сүт өнім­дерін өндіру және өңдеу үшін  ірі эко­жүйелер  қа­лыптастыру, балық ша­руа­шы­лығын дамыту, аграрлық ғылымды дамыту, бұл салаға заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу сынды өзекті салаларда жұмыстың жетілдірілуі де ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің бағалануына, ауыл тұрғынларының табысының артуына, әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзімізді толық қамтамасыз етуге ықпал етер еді.

Мұндай ілкімді жұмыстардың барлығы  жаңадан әзірленетін агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобада көрінбек. Біз, ауыл тұрғындары, осы ұлттық жобаның игілігін алдағы жылдары көреміз деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button