Абай — 175

Бағалы мұраны байыптау

Байқау

«Абай мұрасы — аманат».  Біздің облыста 1 тамыз-1 қыркүйек аралығында өңірдегі оқу орындарының  арасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілетін  челлендж байқауы осылай аталады.

Шараның өтуіне облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы ұйытқы болып отыр.

Байқауға қатысу үшін үміткер өз білім ордасының немесе жеке Instagram, Facebook парақшаларында челлендж ұйымдастырады. Онлайн байқау барысында қатысушы ақын өлеңдерін, қарасөздерін оқу немесе ақынға арнау-өлең шығару және т.б. әртүрлі форматта өткізуге ерікті.

Челленджге облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының @aqtobe_ruh instagram парақшасын және #руханижаңғыру, #Абай175, #руханиАқтөбе, #прагматизм хэштегтерін белгілеу міндетті және қатысушының өз парақшасы ашық болуы тиіс.

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын «Рухани жаңғыру» орталығы анықтайды. Оның арасында тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері болады.

Жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button