Абай — 175

Өнеге өрісі

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесіне қарасты №11 Құрашасай селолық модельді кітапханасы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған «Абайды оқы, ерінбе» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.

Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді алуға болады. Абай даналығы жаңа ғасырда жаңарып түлеп, өркениетті мемлекет құрып жатқан қазақ халқының дамуына өлшеусіз зор ықпалын жасауда.

Кітап көрмесінің мақсаты — тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын поэзиясын зерделеп оқуға, ұлы ақынның сан салалы ақыл-ойын, өнер-өрісін жүйелеп тануға ықпал ету, насихаттау.

Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар қойылды. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының «Қарасөздер» жинағы, «Хикмет» кітабы, Абай туралы естеліктер, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы сынды түрлі еңбектер қойылды. Көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

 Әлия БАЙМҰХАНОВА,

№11 Құрашасай селолық модельді кітапхана меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button