Денсаулық

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 11 жағдай тіркелді

(2020 жылғы 30-шілдедегі мәлімет бойынша)

30.07.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 17 жағдай тіркелді. Оның 11-інің клиникалық симптомдары бар, ал 6-ы – симптомсыз ауру.

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары 1949, 1956, 1957, 1963, 1972, 1959 жылғы 6 әйел адамға, 5 ер адамға – 1951, 1976, 1940, 1943, 1955 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың біреуі – Мәртөк ауданынан, 1 – Хромтау ауданынан, қалғанының барлығы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

7 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген, 3 адамда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу кезінде, 1 адамда профилактикалық тестілеу барысында қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

30.07.2020 ж. жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3021 адам(1475 – симптомды, 1546 – симптомсыз) тіркелген, жазылып шыққаны – 1455 адам.

Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button