Абай — 175

Ғұламалар үндестігі

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған «Ғасырлар ғұламасы» атты әдеби-музыкалық мәдени шара өткізілді.

Шарада қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы «Абай әлемі», «Әл-Фараби — ұлы тұлға» атты тақырыптық-ақпараттық кітап көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жүргізді.

Абай — Шығыс және Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік біліп, бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болғаны белгілі. Өлеңдері, қарасөздері дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Әл-Фарабидің Аристотельден кейінгі мәдениеттің дамуына қосқан үлесі, араб философиясында сіңірген зор еңбегі оның заңғар есімін мәңгілік етті.

Шара барысында оқырман қауымға қос тұлғаның еңбектері, ғылыми зерттеу жұмыстары таныстырылды.

Бүгінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқырмандардың қызығушылығы мен сұранысына қарай «Мобильді кітапхана» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кітап қорындағы сирек кездесетін өлкетану басылымдарымен қатар, Абай Құнанбайұлының бірнеше кітаптары QR электронды сандық нұсқаға көшірілді. Бұл оқырмандарға қолжетімді оқуға мүмкіндік туғызып отыр.

Көркем  БАЙЧЕРКАСС,

М.Ломоносов атындағы қалалық

                                                                          орталық кітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button