Ауыл

Жерлестер жәрдемі

Жақыныңа жанашыр бол!

Бүгінгі күні ауданда індет жұқтырып, дем жетпей,ауырып жатқан науқастар аз емес.

Осыны ескеріп өткен аптада ауданның кәсіпкерлері бірігіп, игі бастама көтерді. 

Бір топ кәсіпкер аудан орталығындағы ауруханада емделіп жатқан науқастарға оттегі шоғырлағыш аппаратын тарту етті.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер, «Қолқанат» шаруа қожалығының төрағасы Ерік Ержанов аудандық аурухананың провизорлық және инфекция бөлімдерінде жатқан науқастарға, тынымсыз күні-түні жұмыс жасап жүрген медицина қызметкерлеріне тегін 40 литр қымыз, 5-6 келі құрт үлестірді. Сонымен қатар кәсіпкер отбасымен аудандағы бірқатар тұрғындарға да тегін қымыз таратты. Қайырымдылық істеріменөзгелерге үлгі боп жүрген кәсіпкер алдағы уақытта да бұл бастамасын жалғастырмақ.

Айта кету керек, жуырда ауданға қарасты Аманкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Махаев та өз отбасы атынан ауылдық дәрігерлік амбулаторияға оттегі жастығын тарту етті. Бұл құрылғы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлар жүйесі, т.б. аурулары бар науқастардың тыныс алуын жеңілдету үшін қолданылады.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button