Білім

100 педагог марапатталды 

«Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет». Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара аясында 100 ұстаз марапатталды. Шектеу шараларына байланысты марапаттау рәсімі онлайн режимінде өткізілді.

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша  білім саласында жемісті еңбек еткен аудан мұғалімдері облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағы және білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Алғыс хатына ие болып, олардың әрқайсысына 50 мың теңгеден сыйақы табыс етілді.  Үздік педагогтерді салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтады.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, шектеу шаралары қолға алынған тұста  дәрігер, тәртіп сақшыларымен бірге, мұғалімдерге де жауапкершілік жүгі артылғаны белгілі. Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушы қашықтан білім алуға көшті. Осындай қысылтаяң шақта  жаңа форматта білім беруді абыроймен жүзеге асырған ұлағатты ұстаздарға алғысымыз шексіз, — деді Раушан Серікова.

Шара барысында  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Бертілеуова, облыстық білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы  Б.Күзембаева сөз алып, педагогтерге жылы лебіздерін білдірді.

Марапаттау рәсімінен соң барлық қатысушыларға құқықтық кеңес берілді.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button