Денсаулық

Тағы 25 адамнан індет анықталды

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 25 адам тіркелді.
( 22-маусымдағы мәлімет бойынша)

Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындылары бойынша 1996, 1958, 1967, 1978, 1938, 1984, 1989, 1990, 1966, 1977, 1982 жылғы 11 әйел адамға, 2016 жылғы балаға, 13 ер адамға –
1994, 2000, 1953, 1971, 1984, 1978, 1983, 1962, 1979, 1993, 1986, 1962, 1984 жылғы азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылған. Науқастардың біреуі Мәртөк ауданынан, жетеуі – Хромтау ауданынан, басқасы – Ақтөбе қаласының тұрғындары.

23 пациент ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген. Ал, 2 адамда профилактикалық мақсатта тестілеу кезінде қауіпті індет анықталған.

Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық ауруханаға оқшауландырылды, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Жалпы облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 653 адам тіркелген.

COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша ВАК

Басқа жаңалықтар

Back to top button