Білім

Санат қалай сарапталады?

«Antikor live» жобасы аясында «Ақтөбе адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Тұртаев «Педагогтерді аттестациялау жұмыстары туралы» тақырыбында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сүлейменова мен «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығының директоры Н.Әжмұратпен онлайн-сұхбат жүргізді. 

Эфир барысында спикерлер білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтер мен өзге де қызметкерлерді аттестациядан өткізу жұмыстары туралы сөз қозғады.

Г.Сүлейменованың айтуынша, қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес, Ұлттық біліктілік тестілеуден өту үшін педагогтердің өтініштері қабылданды. Ақтөбе облысы бойынша бұл қызметті орындау барысында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қауіпсіздік  шаралары толық сақталып, аттестация 1 маусымнан 15 тамызға дейін бөліп өткізілді.

Сонымен қатар эфир барысында білім саласындағы биылғы жаңалықтар да айтылды.

— Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін білім беру ұйымдарына алғаш рет жұмысқа қабылданған, педагогикалық практикада оң бағаға ие болған, дипломы бойынша орташа балы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом — GPA көрсеткішінің 3 балынан төмен емес,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом GPA көрсеткішінің 4,5 балынан төмен болмауы қажет. Ал техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген адамдарға «педагог-модератор» біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуден өтпей беріледі, — деді Г.Сүлейменова.

Тағы бір жаңашылдық — пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 деңгейінен төмен емес білетінін растайтын сертификаты бар жас мамандар «педагог-модератор» біліктілік санатын тек тест тапсырып қана ала алады. Егер ұлттық біліктілік тестілеуде теріс нәтиже көрсетсе, оған «педагог» біліктілік санаты ғана  беріледі.

Бір сағат уақытқа созылған эфирдің соңында спикерлер көрермендердің сауалдарына жауап берді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button