Ауыл

260 отбасына көмек көрсетілді

Бүгінгі күні Ырғыз ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Карантиндік және провизорлық стационарлар жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда стационарлық карантинде Ақтөбе қаласынан келген 8 аудан тұрғыны бар. Үй карантинінде 13 адам медициналық бақылауда.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. Облыстық тұрақтандыру қорынан бірнеше азық-түлік түрі арзан бағамен әкелініп, тұрғындарға ұсынылып отыр.

Төтенше жағдай уақытында ауданда 1808 адамға 20 687 824 теңгеге (бір айға) әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауданда Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға қайырымдылық көмектер көрсетілуде. Осы уақытқа дейін аудан бойынша барлығы 260 отбасына 2 381 400 теңге көлемінде азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, бетперде және ақшалай көмектер көрсетілді. Сонымен қатар тұрғындарға 1070 дана бетперде таратылған.

Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі мекеме-кәсіпорын басшылары күнделікті инстаграм желісінде тікелей эфирге шығып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруде. Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 428 сұрақ қойылып, тиісті жауап берілді.

Аудан әкімдігінде тұрғындарға сall-орталық (8-71-343-21-6-86) қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге сall-орталыққа тұрғындар тарапынан 149 сұрақ түскен. Сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгеннен бері аудан бойынша 17 тәртіпбұзушылық (оның ішінде 9 кәсіпкер, 8 жеке тұлға) дерегі анықталып, 10 адамға айыппұл салынған, 5 тұлғаға ескерту берілген. Қазіргі таңда 2 материал өндірісте тұр.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button