Тарих

«Социалды ауылдан» — «Жем-Сағызға» дейін немесе 85 жылдық жол

Еліміздің біз білетін біраз журналистері, қаламгер қауымы белгілі тұлғалардың есімдерін атап, «біз солардың шекпенінен шықтық» деп жатады. Ал енді бір тобы аудандық газеттердің мектебінен өтіп келгенін мақтаныш етеді. Расында да, бір кезде аудандық газеттер өңірдің айнасы болумен бірге, журналист кадрларын даярлауға да зор үлес қосқан-ды. Қаламгерлерді қалыптастырып, қанаттандыратын ұя болды. Бұл бағытта әріден қалыптасқан із бар еді. Биыл шыға бастағанына 85 жыл толатын Байғанин аудандық газетінде ұзақ жылдар тілші, бөлім меңгерушісі, газет редакторының орынбасары, редакторы болып қызмет атқарған ардагер журналист Тұрлыбай Құлынбаевпен әңгімеміз осы тақырыпта өрбіді.

Газет — өңірдің шежіресі

— Алпысыншы жылдардың ортасынан сексенінші жылдардың екінші жартысына дейін өзім де аудандық газетте біраз қызмет атқарғандықтан, елдегі аудандық газеттердің өмірлерінен біршама хабарым бар. Байғанинде  газет 1935 жылы ашылған ғой, биыл 85 жыл толады. Әрине, сіз өз газетіңіздің өткені мен бүгінін, сөз жоқ, терең білесіз. Газеттің тарихын, әр жылдардағы атауларының өзгеруін, арғыдағы газетке басшылық жасаған адамдар туралы айтып өтсеңіз.

— Біздің әуелгі газеттерімізде 1935 жылдан шыға бастағаны жазылған. Газеттің елу жылдығында, анығын білу мақсатында, Алматыға бір тілшімізді жібергенбіз. Ол барып архивтерден қарап, ештеңе таппаған. Сосын Пушкин атындағы көпшілік кітапханаға барып, республикадағы баспасөз басылымдарының тізімінен Байғанин ауданында (ол кезде Табын ауданы) «Социалды ауыл» аталған газеттің 1935 жылдың шілдесінен бастап шыға бастағанын көрсеткен. Кітапхана осылай жазып, құжат берген. Бірақ газеттің алғашқы нөмірлері табылмай, 1938 жылғы бастапқы екі нөмірінің ғана бірінші беттерін суретке түсіріп алып келген. Іссапарға барған Хайролла Тәжібаев газеттің бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Сол келгеннен кейін газетімізге «1935 жылдың шілде айынан бастап шыға бастады» деп жаздық, қазір де солай жүр.

Әуелгі шығарушы редактор—Мәлтіков, содан кейін Наурызбаев болған, алғашқы шығарушылар сырттан келген. Ол кезде бұл жақта газет шығаратындай сауатты адамдар болмаған. 1940 жылы Жақсылықов, соғыстың қызып тұрған кезінде Юсупов, соғыстың аяқ кезі және одан кейінгі жылдары осы ауданның азаматы Жәкен Бисенбаев редактор болған. Ол кісі соғысқа бармаған, себебі көзінің ақауы бар еді. Ол кісіні мен көрдім. Бір көзін төмен салып, бұғып қарайтын адам еді, көзінде ағы бар. Сол кемдігімен соғысқа жарамаған. Сосын газетті елуінші жылдардың бас кезінде шамалы уақыт Жасар Қойшығұлов басқарған сияқты. Әуелгі газет «Социалды ауыл», қырқыншы жылға қарай аудандық газеттің баспаханасында жұмыс жасаған бір баспагер өзінің естелігінде «Социалистік ауыл» болып өзгергенін жазады. Содан елуінші жылдардың бас кезінде «Жаңа өмір» болған. Солай шығып тұрған кезінде, алпысыншы жылдардың басында территориялық басқару жүйесінің енгізілуіне байланысты газет жабылады да, оның бүкіл дүние-мүлкі Темірге беріліп, бұрынғы үш ауданның ізіне ортақ газет «Жаршы» деген атаумен шығады. 1965 жылы территориялық басқару жүйесі таратылып, аудандар өзінің қалпына түскен кезде Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді болып белгіленіп, газет «Ленин туы» деген атпен шыға бастаған. Бір кезде біз газеттің елу жылдық мерейтойына байланысты аудандық газетке қосымша ретіндеқолдағы қарапайым техникамен, үш бояумен, 12 бет көлемінде қалың, сапалы қағазға 50 дана арнайы газет шығардық. Оны көріп, жан-жақтағы әріптестеріміз «мынаны қай баспаханадан шығардыңдар?» деп таңғалды. Оның бір данасы қазір менде сақтаулы.

— Байғаниннің қай ауылында туып-өстіңіз? Сіз қызметке кіріскенде аудандық газеттің штаты қандай еді?  Ілгеріде, кейінде аудандық газетте қадау-қадау белгілі адамдар қызмет атқарғанын білеміз. Сол  әріптестеріңізді еске алып көріңізші?

—Мен 1939 жылдың 25 қарашасында Байғанин ауданының қазіргі Көлтабан ауылдық округіне қарасты Қораши деген жерде туғанмын. Қазір Қораши елді мекені сақталған, өзінің орта мектебі бар, жақсы, жайлы қоныс. Осы жерде мектепке барып,1958 жылы Қарауылкелді орта мектебін бітірдім. Мектептен кейін ұжымшарда жұмыс істедім. Сөйтіп жүріп әскерге алынып, бірден Владивостокқа-Қиыр Шығысқа барып түстім. Содансол Приморский өлкесіндебіржарымжылқызмететіп, екіншіжылжарымын Томск облысыныңаумағында, қалыңорманныңішіндеөткіздім. Қолымдақайла мен күрек, тасқалайтынқалақ,әскериқұрылысотрядындажұмысжасапжүрдім. Содан«бұлболмайдыекен, не болса да оқуғаталпыныпкөрейін»деп, Алматыға,КазГУ-геөтінішжібердім. Сөйтіп,біздіңәскерибөлімнен 12 сарбазоқуғааттандық. Әскерибөлімніңбасшылары: «Оқуғатүссеңдер түскендерің, түспесеңдерқайтыпкеліп,әскериқызметтеріңдіөтейсіңдер»,—депжіберді. Бізтүстік, емтиханнанөтеалмай,қайтыпкеткендер де аз болмады. Сөйтіп,студенттікдәуренді де бастанкештік.

«Қызыл дипломмен орын таба алмадым»

— Университетті үздік бітіргеніңізді өмірбаяныңыздан оқыдым. Ондай маманға ауылда жұмысқа орналасу қиынға түспеген болар?

—Қызыл дипломмен келгенімде облыстық білім бөлімі өз ауданымнантіл-әдебиет пәнінен орын таба алмай, Шалқар ауданына жұмсады. Сегіз жыл далада жүргенімді айтып, одан бастартып, мүмкіншілік болса, өзімнің ауданыма жіберуін өтініп отырып алдым. Ауданға келгесін де мамандығым бойынша жұмыс тауып бере алмады. Байғанин кеңшарының орталығы Жарлыдағы сегізжылдық мектептің интернатындағы тәрбиешілік орынға бұйрық алып, жыл жарым жұмыс жасадым.

—Әйгілі жазушы Тобық Жармағанбетов, ақтангер ақын Есенбай Дүйсенбаев қызмет істеген газетке осы жерден ауыстыңыз ба?

—Иә.1969 жылы ақпан айында ауданға шақырды. Аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөліміндегілер редакцияға қызметке жіберуді ұйғарғандарын айтты. Әрине, мен  журналист еместігімді алға салып, шамам келгенше, қарсылық көрсетіп бақтым. Бірақ ол кездегі талап белгілі емес пе? Хатшыға сүйреп, ол:«Есенбай Дүйсенбаев та КазГУ-дің филфагін бітірген, журналист болып жүр, сен де үйреніп кетесің», —деп, ақыры көндірді. Осы жерде бір айта кетерлік жағдай, аудандық газет ашылған 1965 жылы Атырау облысының  азаматы Қалмұханов газетке редактор болып келген еді. Сол 1969 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзінің өтінішімен босап, еліне кетіпті. Осымен байланысты оған дейін редактордың орынбасары болған Жасар Қойшығұлов редакторлыққа, Есенбай Дүйсенбаев редактордың орынбасарлығына тағайындалған. Ал ҚарабайДосқұловгазеттежауаптыхатшыболыпістепжүрекен.

Есенбай жоғарылап, бөлім меңгерушілігінің орны босағаннан кейін мені соған шақырыпты. Осы хат бөлімінде 1971 жылдың қараша айына дейін істедім. Сол жылы Есенбай облыстық «Коммунизм жолы» газетіне ауысты да, орнына мені бекітті. Содан табан аудармай 18 жыл редактордың орынбасары болдым. 1989 жылдың қыркүйек айында Жасар Қойшығұлов зейнеткерлікке шықты да, орнына мені тағайындады. Содан 1995 жылдың көктеміне дейін редактор болдым. Соның алдындағы жылда біздің аудан ядролық жарылыс, Арал апат аймағына жатқызылып, 55 жастан зейнеткерлікке шығуға жеңілдік берілген еді, сол бойынша зейнеткерлікке шықтым. Бір жылдан кейін,Ұзақов редактор болған тұста, редакцияға тілшілік қызметке шақырды. Бірақ ол жолы, редакцияның қаржылық жағдайы қиындай берді де, штат қысқарып, Ерғалиев деген фототілшімен екеуміз қысқартуға ұшырадық.

Кезінде аудандық газеттің беделі зор болғаны рас. Біраз адамдар қызмет істеді, редактор, редактордың орынбасары, жауапты хатшы,екі бөлім меңгерушісі, олардың бір-бірден тілшілері болды. Фототілші, корректор, екі машинистка, жүргізуші, техник қызметкерлер өз алдына. Ал баспаханада тіпті көп адам жұмыс істеді. Әңгіме барысында өзім алғаш жұмысқа келген кездегі қызмет істегендердің бірқатарын атадым ғой. Әшір Саламатов, Нығымет Айымбетовті сұрадыңыз, Әшір азғантай ғана уақыт жұмыс жасады. Орыс тілінің маманы, өзінің ақындығы бар жігіт еді. Ал Нығымет — біздің ауданымыздан шыққан алғашқы кәсіби журналист. Елуінші жылдары КазГУ-дің журналистика факультетін бітірген. Атыраудың облыстық газетінен ауысып келді бізге. Кейін Алматыға қоныс аударды. Ал Қарабай Досқұлов әуелде жұмысын комсомолдан бастаған. Содан газетке ауысқан. Аудандар біріктірілген кезде аумақтық газетте біздің елден барып қызмет істегендердің бірі. Белгілі жазушы Тобық Жармағанбетов біздің аудандық газетте жауапты хатшы, Кәдірбай Бекмағанбетов бөлім меңгерушісі болды. Жалпы айта берсек, біздің аудандық газеттен шыққан журналистер,қаламгерлер көп. Бір кезде облыстық газеттен Маңғыстау облыстық газетіне қызметке ауысқан Нәдірбай Қыдыров та біздің аудандық газеттен шыққан еді. Облыстық газеттің Байғанин, Ойыл, Темір аудандары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған Ибадолла Сұлтанов та осы газетте жұмыс істеген-ді.

Редакция мен баспахана — егіз ұғым

— Байғанинде жетпісінші жылдары  газет редакциясы, баспаханасы бір жерде, екі қабатты ғимаратта тұрғанын білемін. Өзге аудандарда ондай жағдай болған жоқ. Сол тұста сіз аудандық газет редакторының орынбасары, редакция  бастауыш партия ұйымының хатшысы болдыңыз. Қоғамдық негізде болғанмен, ол кезде бұл беделді жұмыс еді. Басшымен бірдей үлкен жиындарға қатысатын, жауап беретін. Қандай оқиғалар есіңізде қалды? Сол жылдары көрген қандай құрметіңіз, алған атақ-дәрежеңіз бар?

— Ол ғимарат бастапқыда аудандық партия комитетінің қызметкерлеріне арналып салынған үй екен. Содан 1968 жылы пайдалануға беріліп, 5 отбасы кірген. Қыста қатты салқын болып,электрдің қуатымен амалдап шыққан. Содан келесі жылы бәрі тастай қашқан. Ақырында бос қалған үйді қатарласа көшіп-қонып жүрген аудандық газеттің редакциясы мен баспаханасына берген ғой. Алғашқыда біз де бір-бір кабинетті иеленіп, мақтанып, мәз болдық. Бірақ қыста сыртқы киімімізді шешпей отыратынбыз. Себебі бұл жердің жылу жүйесі бастапқыда дұрыс жасалмаған. Кейінірек жылу жүйесі қайта жөнделді.

Ол кезде аудандық партия комитеті тарапынан газетке қамқорлық болды. Біз аудандық газеттердің ақша қаражаты жөнінде бас ауыртпайтынбыз. Жоғарыдан бөледі, әр уақытта жеткілікті. Қағазы болсын, басқасы болсын, өзінен-өзі келіп жататын. Кейін жағдай қиындады, жұмыс жасау ауыр болды, бастыққа барып жағдайыңды айтсаң, басқаша сөйлейді. Өлмешінің күнін көріп жүрдік. Тіпті уақытша жабылып қалған аудандық газеттер де болды ғой сол жылдарда…

Айтып отырғаныңыз дұрыс, мен ұзақ жыл редактордың орынбасары болумен бірге, редакция бастауыш партия ұйымының хатшысы болып қоғамдық жұмыс  атқардым. Редакторменбірдейжүріп,аудандаөтетінжиындарға, пленумдарға, партия конференцияларынаделегат болыпқатыстым. Редактордыңорынбасары, бастауыш партия ұйымыныңхатшысыретіндеқатаңжауапкершілік те сұралатын. Қызметкерлердімарапаттарғаұсынуға да ықпалымболды. Олкездеөзіңізбілесіз, марапаттаржоғарыданкелетін. «Баспасөзүздігі»сындыатақтаркеліптұрғанда, «әй, ақыры ала жатармыз, жұмысшыалсын, қатардағықызметкералсын»деп, соларғаберебердік. Ақырындажағдайөзгеріп, өзімізгеештеңетимейқалды. Тіптібіркезде«Еңбекардагері»деген медаль таратты. Оны да, «түбібір медаль аламызғой»деп, жасыүлкені бар, басқасы бар, таратыпбердік…

— Ол кезде газет жұмысы, оның ішінде аудандық баспахананың тірлігі өте ауыр еді. Түн қатып жұмыс істеу екі күннің бірінде болатын. Байғанин— аумағы ең үлкен өңір.  Журналистер іссапарға қалай шығып тұрды?

—Біздің ауданның орталығы Ақтөбеден 250 шақырым. Ауданның орталығының өзінен Жарқамыс ауылы 100 шақырымнан әрі. Оймауытқа барсаң— 200, Доңызтау 350-400,Үстіртке, Самға шығатын болсаң, оның әр жағында Асмантай-Матай деген жеріміз болды, 500 шақырым. Ал оның барлығына жиі-жиі шапқылап бару мүмкін де емес. Ілкіде сегіз орындық «Газ-69» көлігі болды. Оның артынан облыстық басқарманың мініп тастаған бір «Уаз» көлігін алмастырып берді. Сол мен редактор болғанға дейін сырқылдап  жетті. Әріқарай жүретін мүмкіндігі жоқ, жөндетуге қосалқы бөлшек таптырмады. Қосалқы бөлшекті «Қазсельхозтехника» бірлестігінің аудандық бөлімшесінен сот, прокурор, тағы басқалардың алып жатқанын шоферім айтып келеді. Бізгеберемеолар? Журналиспендосболмайдығой, «айтыпқояды», «жазыпқояды»деп. Сол машина ақырында газетіміздің бір ардагеріне бұйырды, облыстан қатынас қағаз әкелді де, арзанға сатып алды.

Дегенмен шаруашылықтардың көліктеріне жалғасып, жол-жөнекей көліктерге ілесіп, іссапарға шығып тұрдық. Біздің кезімізде газеттің үлкен көмекшісі ауыл-село тілшілері болатын. Олардың пайдасы зор еді. Мал дәрігері Қуаныш Аманқұлов, есеп қызметкері Мырзанбек Қожанов, автоклуб меңгерушісі Түгелбай Шоқатов, көптеген мұғалімдер, қарапайым еңбек адамдары бізге атқұрғатпай елдегі жаңалықтарды жазып, әкеліп тұратын. Газеттің таралымы жетпісінші, сексенінші жылдардың ішінде 5 мың данадан да асқан кезі болды. Қазір мың жарым дананың жобасы.

Мен редактор болып тұрған кезде, уақыттың талабына қарай, «Жем-Сағыз» болып газеттің атауы өзгерді. Алайда, өзіңіз айтып отырғандай, газеттің баспаханалық сапасы сын көтермейтін. Біздің бар жеткеніміз қарабайыр жатаған баспа және линотип терім машинасы ғой. Соның өзі де үлгере алмай, қолмен теріп, түнгі сағат екіге дейін жұмыс істедік. Сонда үйдегі жолдасымыз:«Қайдан келдің? Не істеп келдің?»—деп сұрайтын, қыдырып жүргендей көріп. Жасы зейнеткерлікке қарай таяған апалар: «Менің шалымды сендер не істеп жатырсыңдар, жіліктеп жатырсыңдар ма? Әлі жоқ» —деп, таяғын сүйретіп түн ішінде мекемеге келіп тұратын. Осындай жағдайда көздің майын тауысып, аптасына үш рет газет шығардық.

«Немере сүйіп отырмын, шөберені Құдай біледі»

—Ауданда қандай басшылармен жұмыстас болдыңыз? Сол тұстағы ауданның экономикасы қандай еді?

—Мысалға, тек 1982 жылы ауданда 12 мыңнан астам ірі қара, 374 мың қой-ешкі, 15,5 мың жылқы, 2,5 мың түйе қысқа түскен.  Ал ол көктемде төлі мен қаншаға жетеді, есептей беріңіз. Біздің аудандық газеттің ол кездегі бір айдары«Социалистік жарыс» еді. Аудан социалистік жарысқа байланысты одақтан төрт рет ту алды. Соның біреуі—ескерткіш ту, үшеуі ауыспалы ту еді. Социалистік жарысты газет бетінде жақсы көрсетіп, 1983 жылы конкурсқа қатысып, КСРО Журналистер одағының дипломын жеңіп алдық. Ауданның негізгі шаруашылығы  мал болды. Егінмен де айналысып, кеңшарлар үкіметке қол жаймай, өзінің жемін айыратын. Бірақ қазір бәрі қалды жөнінде. Егіншілікпен ешкім айналыспайды, әр жерде көкөніс егетіндер ғана бар. Жұмыс бабында  мен Сматолла Беркімбаев,  Мәжит Тәжіғұлов, Жамбыл Баймұханов, Түрікпенбай Айжарықовтардың тұсында жұмыс істедім. Екі қоғам ауысқан қиын кезде, өларашақта редактор болдым. Қаржы мәселесі күрделі еді. Шынымды айтсам, ертерек зейнеткерлікке шығуыма да сол себеп болды. Кейін де газетте тілші болып жасап жүрдім, қаржы мәселесі сол күйі шешілмеді. Бір жапырақ қылып шығарған кездері де болды.

—Сіз қазір немере, мүмкін, шөбере сүйіп отырған атасыз. Өткен жылы сексеннің сеңгіріне шықтыңыз. Отбасылық жағдайыңыз, өмірлік серігіңіз, бала-шағаңыз туралы да айтып өтсеңіз?

—Мен өзі көп нәрседен кешігіп жүретінім бар. Мектепке кеш бардым. 1958 жылы 19 жасымда мектеп бітірдім. Әскерден кейін КазГУ-ге 23 жасымда оқуға түскенде, өзімнен бес-алты жас кіші жігіттермен оқыдым. Сөйтіп, жоғары оқу орнына да кешігіңкіреп бардым. Ең қиыны, кешігіп үйлендім, отызға аяқ басқанда. Сауалыңызда «немере, шөбере сүйіп отырған атасыз…» деп айтып қалдыңыз, немерені, Құдайға шүкір, сүйіп отырмын ғой. Ал шөбереге жете алатынымды, жете алмайтынымды Құдай біледі.

Зайыбым Қарылға— Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық қызметкері, жоғары білімді педагог, математика пәнінің мұғалімі, зейнеткерлікке шыққанға дейін мектепте шәкірттерге дәріс берді. Үш ұл, екі қызымыз бар, бәрін оқыттық, қалаған мамандықтарын алды. Ұлдың үлкені дәрігер, кіші ұлымыз қолымызда.

Бір айтпай кеткенім, әкем Құлынбай Әбілов соғысқа 1941 жылы алынған екен, майданда опат болып, оралмады. Кезінде стахановшы колхозшы болған шешем Ақбілек Әбілова тәрбиелеп өсірді бізді, 87 жасында өмірден өтті.

Ал енді көрген құрметіңіз дегенде, мен марапатты комсомол тарапынан көп алыппын. Студент болып жүргенде өндірісте еңбек еткен кезде алған мақтау қағаздарым, Құрмет грамоталарым, студенттік отряд құрамында тың өлкесінде жұмыс істегенім үшін берілген тыңды игерудің 10 жылдығына арналған төсбелгісі, КСРО Журналистер одағының, облыстың Құрмет грамоталары бар. Тәуелсіздік жылдарында Президенттен алған Алғыс хатымды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты берілген медальды ерекше қадірлеймін. КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болдым.

—Әңгімеңізге рақмет!

Аманқос ОРЫНҒАЛИЕВ,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button