Пікір

Тәртіп бар жерде нәтиже болады

Хайролла Алданов,

ішкі істер саласының ардагері

Қазір еліміз аты жаман індет салдарынан қиын жағдайды бастан кешуде. Осындай жағдайда ахуалды дұрыс бағамдап, барлық сақтық шаралары мен талаптарды орындауымыз керек. Өйткені тәртіп бар жерде ғана даму, өркендеу, нәтиже болады.

Ал бүгінгі жағдайда тәртіп мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Қарап отырсақ, төтенше жағдай жарияланғаннан бері көп адам індеттің қаупін әлі сезінбей жатыр. Той тойлаймын деп жүріп, соңы қайғылы жағдайға ұшыраған замандасымыздың ісі — осының бір дәлелі. Билік халықты сақтандыру үшін барынша ескертіп жатыр, тек оған тыңдар құлақ керек.

Осындай сындарлы шақта медицина және полиция қызметкерлері алдыңғы шепте көзге көрінбес жаудың бетін қайтаруда. Олардың айрықша еңбегін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Мәлімдемесінде атап өтті. Мемлекет басшысы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығын атап көрсете отырып, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге де айрықша алғыс білдірді. Бұрыннан да елдің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында тынбай еңбек еткен полиция қызметкерлеріне бұл үлкен құрмет және сенім деп ойлаймын.

Міне, өсетін ел, өркендейтін ел осылай болса керек-ті.

Сондықтан барша қазақстандықтарды дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының еңбегін бағалауға, олардың айтқан ескерту-талаптарын қатаң орындап, қатерлі індетті бірлесіп жеңуге шақырамын.

 Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button