Білім

Балалар телеарналар арқылы оқиды

«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев балалардың қашықтан оқыту жүйесі туралы айтты.

Министрдің айтуынша, телевидение арқылы 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Бүгінде 200-ге жуық сабақ түсіріліп, дайындалып қойылған:
«Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Бір айтып өтетін жағдай, бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақты өткізу уақыты — 30 минут. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық әдістемелер, нұсқаулықтар дайын», — деді Дәурен Абаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button