Абай — 175

Үш тілдің үндесуі

Жуырда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Шетелдік студенттерді қолдау және ағылшын тілінде оқытатын клиникалық пәндер оқытушыларының тілдік тәлімгерлігі» ғылыми жобасы аясында оқу орнында білім алып жатқан үнді студенттеріне ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды.

Медицина факультетінің 1-курс студенттеріне «Абай поэзиясы — біздің асыл мұрамыз» (Abai’s poetry is our heritage) тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде бейнематериал көрсетілді.

Сонымен қатар шарада студенттер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін үш тілде оқып, әндерін орындады.

Шара соңында Абай мұрасының маңызы, ұлы ойшыл ілімінің бүгінгі қоғамдық кеңестікке әсері жайында талқылаулар жүргізілді.

Шараға қатысқан тілдер кафедрасының оқытушылары студенттердің білімі мен белсенділігіне оң пікірін берді.

А.Көпенова, Г.Күзембаева,

А.Қарымсақова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button