Абай — 175

Мәңгілік мұра

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай танымдық кеш өткізді.

Шараға аталған департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, департамент жанынан құралған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, белгілі әнші Светлана Айтбаева, Т.Ахтанов атындағы драма театрының директоры Олжас Ибраев және студент жастар қатысты.

Шара барысында департамент басшысы Абайдың қарасөздерін оқып, ақын мұраларының маңыздылығына тоқталды. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің талапкер ақындары Мақсат Ідірісов пен Гүлім Тілепбергеновалар Абайға арнап жазған өлендерін оқыды. Сонымен қатар кештің құрметті қонағы, талантты әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін қатысушылармен бірге шырқады.

 А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button