Денсаулық

Жүрекке ота жасалды

Кеше Германиядан, Австриядан және Ресейден келген мамандардың қатысуымен жүрекке ота жасалып, электрокардиологиялық стимулятор қойылды.

Жүректің екі камерасына арналған мұндай стимулятор қою отасы бізде бірінші рет жүзеге асырылды. Біздің облыс жүрекке ота   жасау жөнінен Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан кейінгі төртінші орынға шықты. Ал Батыс Қазақстан бойынша жетекші орын алады. Бұл ота М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің медицина орталығының  аймақтық кардиохирургиялық орталығының кардиологиялық бөлімшесінде жүзеге асты. Отаны — Батыс Еуропада тәжірибеден өткен жергілікті маман шетел мамандарының қадағалауымен жасады.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Суретте: жүрекке ота жасау сәті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button