Экономика

Грант алып, құс өсірді

Кәсіпкерлік

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бастапқы бизнесті іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріледі. Әсіресе, аудандағы жұмыссыз азаматтар мен көпбалалы аналар гранттың игілігін көріп жатыр.

Әйтеке би ауданының тұрғыны Бауыржан Әбдіқалық жұмыссыз қалған соң, былтыр қыркүйек айында жұмыспен қамту орталығына хабарласады. Ол жердегі мамандардың нұсқауымен  «Бастау Бизнес» жобасы аясында бір ай оқиды. Оқуды аяқтаған соң 252 500 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алады.

—  Қаржы қолға тиген соң Линда және Тамбовский тұқымды 210 қаз сатып алдым. Жем алдым. Өсіріп, биыл жартысын саттым. Болашақта жүнін де сатқым келіп отыр. Сұраныс бар. Жұмыртқасын да сатып, пайда қыламын. Құсты көбейту үшін күтім керек. Ол үшін жайылым жер қажет. Қамап ұстағаннан кейін санын көбейте алмай отырмын. Болашақта жер алсам, шаруашылықты әрі қарай кеңейтемін, — дейді Бауыржан Әбдіқалық.

Аталған бағдарлама арқылы құс шаруашылығы бастаған тағы бір тұрғын, көпбалалы ана — Айнұр Қажығалиева. Айнұр Алға ауданының Бестамақ ауылында тұрады. Былтыр  «Ауыл шаруашылығын қолдау» қорынан 4 миллион теңге несие алыпты. Болашақта кәсібін дамытқысы келеді. Қазір ауданда шаруашылығын жандандырып отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button