Денсаулық

Облыста коронавируспен  тіркелгендер жоқ

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қытай және басқа мемлекеттерден келген азаматтар арасында тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Мәртөк ауданының «Жайсаң» және Қарғалы ауданының «Әлімбет» шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерінде уақытша санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылды. Бүгінгі күні температураны байланыссыз өлшеумен 5422-ден астам адам қамтылған. Қызуы жоғары және өзін нашар сезінген адамдар анықталған жоқ. Облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға толыққанды мониторинг жүргізуді және арнайы қызметтердің уақтылы әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде жауапты мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Байланыс телефоны: 55-77-37, 55-76-06.

Облыстың медициналық мекемелерінде және қаланың халықаралық әуежайында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Емдеу-алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған коронавирустық инфекцияы диагностикасы бойынша семинар сабақтары өткізілді.

«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ базасында кәсіпорын қызметкерлері үшін қауіпті вирустың  алдын алу бойынша дәріс өткізілді.

Жалпы, 54 дәріс, 7 радиодәріс оқылып, 980 әңгімелесу өткізіліп,16240 үнпарақ таратылған. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық профилактикалық іс-шаралар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның жаңа түрін әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес және арнайы құрылған өңірлік комиссияның басшылығымен жүргізіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button