Әкімдер есебі

Бес ауылға ауызсу барады

Аудан әкімі Мәди Елеусізов аудан орталығында есеп берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин қатысты.

Аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен биыл қолға алынатын шаруаларды баяндады. 2018 жылмен салыстырғанда ауданға тартылған инвестиция көлемі екі есе ұлғайған. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеушілік бар. Әлеуметтік мәселелер де біртіндеп шешімін тауып келеді. Биыл Аралтоғай, Ақкөл, Сұлукөл, Сарат, Толыбай  ауылдарына ауызсу тартылады. Талдысай, Жамбыл, Еңбекту ауылдарында газдандыру жұмысы аяқталады.

Сондай-ақ өндіріс саласы бойынша 12 компания аудан аумағындағы кен орындарына барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер жұмыс сәтті болса, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Сондай-ақ биыл  Ә.Молдағұлова көшесі күрделі жөндеуден өтеді. Ал 12 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Балалар ойын алаңдарын салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады.

Аудан әкімінің есебінен соң облыс əкімінің орынбасары Аманғали Бердалин облыс аумағында атқарылған шаруаларға қысқаша тоқталды. Жиын соңында тұрғындар басшыларға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Әртүрлі мәселе айтылды. Тұрғындар аудан әкімінің есебіне сенім артты.

А.ҚАНАЛИН,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button