Ауыл

«Ауыл — ел бесігі»: 51 жоба және 187 елді мекен

Елімізде перспективалы ауылдар құру арқылы құрылыс, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, елді мекендерді тұрақты дамыту.

Келер жылы перспективалы ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз ету үшін облыстың барлық ауданын қамтитын 51 жоба іске асырылмақ.   

7 жыл: 7 миллион тұрғын және 7 мың шақырымдық жол

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде қазіргі уақытта 6443 ауылда 7,7 миллион адам тұрады. Бұл — ел халқының 42 пайызы. Жақында өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр: «Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ауылдың жартысынан астамының көшелерін жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылда білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынамыз», — деді.

Енді осы бағытта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалармен қатар, «Ауыл — ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылмақ.

Бүгінгі таңда республика бойынша даму әлеуеті бар 3477 ауыл іріктеп алынған. Оның ішінде 1150-і — тіректі, 200-і — шекара маңындағы, 2327-сі —  спутниктік ауылдар. Аталған елді мекендерде 6,6 миллион адам немесе ауыл халқының 85 пайызы тұрады.

Осылайша «Ауыл — Ел бесігі» жобасын іске асырудың 7 жылында 7 миллион ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік тумақ. Р.Склярдың айтуынша, бұл кезеңде 7 мың шақырымнан астам кентішілік жол салынып, жөндеуден өткізіледі. Барлық ауыл халқы сапалы ауызсумен қамтылатын болады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жалпы, барлық іс-шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізбек.

Жергілікті кәсіпкерлердің үлесі

Қазір аймақтарда бұл жоба қолға алынды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы Адайбек Есенамановтың айтуынша, «Ауыл — ел бесігі» жобасы елді мекендердің дамуына орасан зор үлес қосып, ауыл тұрғындарының өмірін жандандыра түспек.

Биыл арнайы жоба аясында облысқа 1,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат жалпы халық саны 29 мың адамды құрайтын 3 перспективалық ауылдың, яғни аудан орталығы саналатын Шұбарқұдық, Мәртөк және Бадамшада   маңызды 8 жобаны жүзеге асыруға қарастырылды. Атап айтқанда, аталған елді мекендерде спорт, білім беру, көлік инфрақұрылымы салаларындағы нысандарды салуды және жөндеуді қамтыды, — деді А.Есенаманов.

Биыл облыста осы жобаны жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосқан. Бюджеттен тыс қаражат есебінен, яғни жалпы құны 690 миллион теңгеге 132 жоба іске асырылған.

Тиімді жобалар және 4 миллиард теңге

Аталған жобаны одан әрі жүйелендіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «McKinsey» компаниясы бірлесіп, өңірлердің перспективалы ауылдар тізімін пысықтаған. Адайбек Есенамановтың айтуынша, осындай жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша 207,1 мың халықты құрайтын (ауыл халқының 81 пайызы) 187 перспективалы ауылдық елді мекен тізімге енгізілген. Оның 76-сы — тіректі, 85-сі —  спутниктік және 26-сы — шекара маңындағы (стратегиялық) ауылдар ретінде анықталып отыр.

«Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы аясында перспективалы ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесіне дейін кезең-кезеңмен жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылға перспективалы ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз ету үшін облысымыздың барлық ауданын қамтитын 51 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл — өңірдің перспективалы ауылдар тізіміндегі әлеуетті елді мекендерде неғұрлым тиімді және экономикалық жобалар. Бұл шараларды қаржылық қамтамасыз ету үшін 2020 жылы Ақтөбе облысына республикалық бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге қарастырылмақ, — деді А.Есенаманов.

Мамандардың айтуынша, бұл жобалар биылғы жылға қарағанда әлеуметтік-экономикалық салалардың одан да кең спектрін қамтымақ.

Келер жылы «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Алға ауданындағы Есет батыр ауылына барар жолдағы жалпы ұзындығы 1,126 шақырымдық автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сол сияқты Әйтеке би ауданының Комсомол селосындағы Т.Жүргенов көшесіндегі 1,384 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жоспарда тұр. Аталған жоба аясында жол жөндеу жұмыстары Байғанин ауданында да іске асырылмақ. Нақтырақ айтсақ, Қарауылкелді селосындағы Барақ батыр көшесінен Ақтөбе-Атырау тасжолына дейінгі аралықта автомобиль жолы құрылысы жүзеге асырылатын болады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасы  аясында облыста

2020 жылы жүзеге асырылатын жобалар

Атауы Қарастырылатын қаражат мөлшері
51 Барлығы 4 166 297,0
5 Алға ауданы 404 087,0
1 Маржанбұлақ поселкесіндегі автомобиль жолын қайта жөндеу (А.Құнанбаев және Өрлеу көшелері) 170 465,0
2 №2 Маржанбұлақ орта мектебінің спорт залына ағымдағы жөндеу 20 351,0
3 Үшқұдық ауылындағы орталық көше мен шығаберістегі автомобиль жолына (1,6 шақырым) орташа жөндеу 74 410,0
4 Есет батыр Көкіұлы ауылындағы автомобиль жолына (16 шақырым) орташа жөндеу 38 861,0
5 Тамды ауылындағы 4 автомобиль жолы (Есет батыр, Молдағұлова, Қонаев, Жұбанов) құрылысы 100 000,0
4 Әйтеке би ауданы 261 232,0
1 Ә.Молдағұлова көшесіндегі автомобиль жолы құрылысы. Комсомол селосы 89 197,0
2 Т.Жүргенов көшесіндегі жолға күрделі жөндеу (1,384 шақырым). Комсомол селосы 116 397,0
3 Архив ғимараты және Әйтеке би орталық аудандық ауруханасы мен тамақтану бөлімі аралығындағы өту аумағына күрделі жөндеу. Комсомол селосы 10 539,0
4 С.Оразалин атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу. Аралтоғай селосы 45 099,0
4 Байғанин ауданы 457 678,0
1 Барақ батыр көшесінен Ақтөбе-Атырау тасжолына дейінгі автомобиль жолының құрылысы. Қарауылкелді селосы 73 491,0
2 Денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы. Қарауылкелді селосы. 232 972,0
3 Ақтөбе-Атырау тасжолынан Барақ батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолына күрделі жөндеу. Қарауылкелді селосы. 84 369,0
4 Мәметова көшесіндегі автомобиль жолының құрылысы. Қарауылкелді селосы. 66 846,0
3 Ырғыз ауданы 415 573,0
1 Ауылішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу. Ырғыз селосы 149 694,0
2 «Жарма» көпірін қайта жаңғырту. Аманкөл селолық округі Құтикөл селосы. 136 565,0
3 Ырғыз аудандық орталық ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу. Ырғыз селосы 129 314,0
5 Қарғалы ауданы 429 563,0
1 Қазақстан, Горняков, Астана, Байтұрсынов, Имашев, Еңбекшілер, Жангелдин көшелеріндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Бадамша селосы 138 870,0
2 Әуезов, Абай көшелеріндегі автомобиль жолына (1,4 шақырым) орташа жөндеу. Бадамша селосы 39 647,0
3 Әбілқайыр хан, Әйтеке би, Пацаев көшелерін жарықтандыру. Бадамша селосы 56 448,0
4 Сазды орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу. Степное селосы. 73 132,0
5 Ш.Балниязов, Д.Шампиев, Абай және Бірлік көшелеріне орташа жөндеу. Қосестек селосы. 121 466,0
2 Қобда ауданы 115 372,0
1 И.Тайманов, Құрманов, Сейфуллин, Молдағұлова, Иманов, Колесников көшелеріне күрделі жөндеу. Қобда селосы 67 762,0
2 Алтынсарин көшесіне орташа жөндеу. Қобда селосы 47 610,0
7 Мәртөк ауданы 525 939,0
1 Сарыжар селосындағы ауылішілік  жолдарға (Әйтеке би, Жаңа қоныс көшелері) орташа жөндеу 77 355,0
2 Болашақ көшесіне орташа жөндеу (3,05 шақырым). Жайсаң селосы 40 743,0
3 Ауылішілік жолдарға орташа жөндеу. Мәртөк селосы 57 820,0
4 Мәртөк аудандық орталық ауруханасының мәйітхана ғимаратына күрделі жөндеу. Мәртөк селосы 6 303,0
5 №3 Мәртөк орта мектебінің екі көрпусына күрделі жөндеу. Мәртөк селосы 158 380,0
6 №1 Мәртөк орта мектебінің стадионын күрделі жөндеу. Мәртөк селосы 68 547,0
7 Мәртөк аудандық Мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу. Мәртөк селосы 116 791,0
5 Мұғалжар ауданы 223 135,0
1 Желтоқсан көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Жұрын ауылы 21 280,0
2 Батпенов көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Жұрын селосы 46 585,0
3 Әйтеке би көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Ақкемер селосы 45 131,0
4 Есет батыр көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Ақкемер селосы 50 130,0
5 Қ.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу. Жұрын селосы 60 009,0
3 Темір ауданы 200 786,0
1 Қызылжар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Шұбарқұдық поселкесі 102 718,0
2 Қызылжар ауданындағы Астана көшесінің автомобиль жолының құрылысы. Шұбарқұдық поселкесі 76 406,0
3 Қызылжар ауданы Астана көшесін жарықтандыру (2 шақырым). Шұбарқұдық поселкесі 21 662,0
6 Ойыл ауданы 459 841,0
1 Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Ойыл селосы 200 000,0
2 Көкжар көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу (180 м-2520 м). Ойыл селосы 74 034,0
3 Желтоқсан көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Ойыл селосы 28 955,0
4 Шернияз көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу. Ойыл селосы 84 972,0
5 Бақаев атындағы көшенің автомобиль жолына орташа жөндеу. Ойыл селосы 33 801,0
6 Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия ғимаратына күрделі жөндеу 38 079,0
3 Хромтау ауданы 296 139,0
1 Ауылішілік жолдарға орташа жөндеу. Дөң ауылы 115 539,0
2 Әйтеке би, Молдағұлова, Момышұлы көшелеріне орташа жөндеу (3,5 шақырым). Ақжар селосы 99 400,0
3 Әйтеке би, Шиловский, Молдағұлова көшелеріндегі ауылішілік жолдарды қайта жөндеу (2,4 шақырым). Ақжар селосы 81 200,0
4 Шалқар ауданы 376 952,0
1 Электр жүйелерін қайта жаңғырту. Бозой селосы 133 158,0
2 Прихоренко көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу (1,2 шақырым). Бозой селолық округі 112 200,0
3 Мөңке би көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу (1,05 шақырым). Мөңке би селолық округі 97 296,0
4 Т.Шанов атындағы мектеп ғимаратын күрделі жөндеу. Жылтыр селосы 34 298,0

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button