Әдебиет

Орта толтырар он жастың  кітабы

Сүйінші!

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаламгерлермен кездескен сәтінде Қазақстан Жазушылар одағының  облыстық филиалы ұсынған  бірқатар әдеби жобаларды қолдайтындығын айтқан болатын. Соның бірі — Жастар жылы аясында он жас қаламгердің кітабын шығару еді.

Жақында «А-Полиграфия» баспасынан сол он кітап басылып шықты. Балтабек Нұрғалиевтің «Жарық күннің жүрегі», Балагүл Бакиеваның «Көңіл толқыны», Гүлжаһан Төреханованың «Көктемнің күлкісі», Құндыз Жұбаеваның « Сағыныш хаттары»,  Сымбат Арынованың «Сынақ-тағдыр», Дәурен Тілеуханның «Сағыныш сыбыры», Перизат Жанғылышбаеваның «Менің көзіммен», Ақілгек Мырзабайдың «Болашақ, сенен алашағым бар», Есенбек Жұмағалиевтің «Анама хат» атты өлең кітаптары  мен Әлихан Жақсылықтың «Алты құрлық» атты әңгімелер жинағы жақын күндерде оқырмандар қолына тиеді.

«Жауқазын» сериясымен шыққан бұл кітаптардың «тұсауы»  форум аясында кесіліп,  кітапханалар жүйесі арқылы таратылмақ.

                                                                                                                Өз тілшіміз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button