Мәдениет

Қазақ елі — құтты мекенім

Байқау

 Облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақ елі — құтты мекенім» атты байқау өтті.

Шараға Ақтөбе қаласының мекеме басшылары, тіл жанашырлары мен ардагерлер, мекемелердегі бастауыш ұйым төрағалары, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері және мектеп, колледж оқушылары, қала тұрғындары қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, маңыздылығын  арттыру, қолданыс аясын кеңейту. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді құрметтеудің үлгісін көрсету, тілдік орта қалыптастыру.

Байқауда 30-жасқа дейінгі өзге ұлт жастары өздерін таныстырып, мәнерлеп өлең оқыды. Cондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ҚР Тіл заңының 30 жылдық, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекелері, Ақтөбе өңірінің ұлы тұлғалары,  жалпы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, қазақтың ұлттық тағамдары туралы сыр шертті.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Анюта Трегуб ие болды.

Светлана Афанасьева 1-орынды иеленсе,  Испар Азизов пен  Инна Головнева 2-орындарды еншіледі. Ал, 3-орынға Галина Мыц, Анна Балмағанбетовалар қол жеткізді. Жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ,  8 адамға ынталандыру сыйлығы беріліп, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

 А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button