Білім

Алғашқы қоңырау соғылды өтті

Қаладағы №1 мектепте ұйымдастырылған алғашқы қоңырау мерекесіне қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова қатысты.

Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, облысымыздың республика бойынша ҰБТ-дан ең жоғарғы көрсеткішке ие болғанын айтты. Өткен жылы аталған білім ордасының жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін сөз етті.

Биыл қала бойынша бірінші сынып табалдырығын 4 400 бала аттайды екен. Ал аталған  мектептің бірінші сыныбына 80 бала қабылданыпты.

Сондай-ақ салатанатты шарада қалалық білім бөлімінің бастығы Айгүл Арынғазиева сөз алып бүлдіршіндерге сәт сапар тіледі. Бұдан соң 90 оқушыға өткен оқу жылында үздік оқығаны үшін мақтау қағазы тапсырылды. Ал мектеп гимні шырқалғаннан кейін, еңбек жасағының командирі Еламан Ақнұрланұлы мен бірінші сынып оқушысы  Анастасия Кузнецова қоңырау соқты. Шараның соңында ұстаздар мен бірінші сыныпқа баратын балдырғандар әуеге шар ұшырды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button