Денсаулық

Нұрсұлтандық кардиологтар балаларды тексерді

Ақтөбе медициналық орталығы балалар стационарында  Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық медициналық ғылыми орталықтан келген кардиологтар бір апта бойы науқас балаларды тексерді.

Балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағанбетовтің айтуынша, Ұлттық орталық пен Ақтөбе медициналық орталығының арасында меморандум бар. Осы келісім негізінде астаналық дәрігерлер ауруханаға жиі келіп, өз тәжірибелерімен бөліседі.

— Біздің ауруханада балалардағы жүрек ақауына операция жасалады. Дегенмен нәрестеде аса күрделі жүрек ақауы кездессе, Нұр-Сұлтан қаласына жібереміз. Ол жердегі заманауи технологиялардың мүмкіндігі көп, — дейді Сағидолла Пірімжанұлы.

Ұлттық орталықтан келген кардиохирург Данияр Қанжиналин мен кардиолог, УДЗ маманы Анар Серсембаева бір аптада 70-тен аса баланы қарап, тексерді. Жүрегінде күрделі ақауы бар 10 балаға Нұр-Сұлтан қаласына жолдама берілді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button