Пікір

Жол картасының маңызы жоғары

Бағдаш МОЛДАШЕВА,

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің директоры

Ел Президентінің Жолдауын асыға күткендердің бірімін. Жолдау көңілімнен шықты. Маңызды құжаттың негізгі мақсаты — халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту. Аталмыш Жолдаудың ерекшелігі билік өкілдерін ғана емес, қарапайым тұрғындардың да қызығушылығын туғызуда.

Жаңа Жолдаудың жаһандану жағдайында әрбір қазақстандық үшін маңызы зор. Қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан өзекті сұрақтарға жауап береді.

Жолдауда Президенттің сайлауалды жұмысында айтылған бағдарламалары толық көлемде жүзеге асатындығы баса назар аудартады.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру мәселесін көтере отырып, еңбек нарығынан тыс қалған отандық мамандарды даярлау жүйесін сынға алды. Демек, білім саласына кәсіптік бағдар жұмысын мектептен бастауды қолға алу және кәсіптік бағдар саясатын ұлттық орта білім стандартының негізіне айналдыру міндеттеледі.

Қ.Тоқаев жастарды қолдауға ерекше маңыз береді. Осы Жолдауда да, жастарды назарға ала отырып, Үкіметке талантты жастарды, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, бір қуантарлығы— тұтастай еліміз үшін маңызды болып саналатын құжат оқу жылының басымен, жаңа мақсаттарды анықтайтын кезеңмен тұспа-тұс келгендігі.

Бұл барша халыққа, соның ішінде, білім беру саласы қызметкерлерін әрекетке бастар нақты қадам болып табылады. Білім сапасын көтеру мақсатында Хромтау тау-кен техникалық колледжінің ұжымы Президент алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, өз жұмыс жоспарына енгізетін болады.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button