Пікір

Азаматтық қоғамның тірегі — адам

Бағлан БАЙМАҒАМБЕТОВ,

облыстық қоғамдық кеңес төрағасы

Жолдауда Президент «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы  ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп нық айтты. Мемлекеттің міндеті — азаматтық қоғамға қолдау көрсету болса, тұрғындарымыздың іргелі мемлекет құру жолындағы белсенділіктері шын мәніндегі патриоттарсыз, ел экономикасының ілгерілеуіне ықпал ететін белсенді кәсіпкерлерсіз іске асуы мүмкін емес. Сондай-ақ, Жолдауда аса маңызды  жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына  азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігі баса көрсетілді.  Азаматтық қоғамның мүмкіндіктері  халықпен тиімді кері байланыс орнату арқылы ашыла түспекші.

Осы жағынан алғанда, елдегі азаматтық ұстанымы жоғары, белсенді азаматтардың басын қосқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алғашқы жұмысын  бастап  та кетті. Биылғы Президент сайлауы қарсаңында өңірлерде құрылған  облыстық кеңестер аймақтардағы азаматтарымыздың   қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашатын құрылымға айналуда.  Ақтөбе облыстық кеңесінің құрамында 5 комиссия жұмыс істеп жатыр.  Оның мүшелері  әртүрлі саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, билік пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қатынастарға жол ашуда. Біз осы бағытта  жүйелі, табанды түрде жұмыс жасауымыз керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button