Басты жаңалықтар

Халықтың тұрмысын жақсарту — басты назарда

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданына барды. Ол алдымен Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан «Құмқұдық» ЖШС егін алқабының жұмысымен танысып, дихан қауымымен кездесті.

«Құмқұдық» ЖШС-ныңдиректоры  Александр Чемоданов жалпы  25183 гектар-ға егіс егілгендігін айтады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 14612 га болса, 1200 га жерге құмай, 140 гектарға сүрлемдік жүгері егілген. Алайда, биыл егіннің шығымы төменәрі бітік емес. Оған жауын-шашынның аздығы, ауа райының құрғақ болуы себеп. Егіс орағы науқанында 120 адам күндіз-түні  жұмыс жасауда.

Бұдан соң облыс басшысы Ақтасты, Толыбай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Ақтасты тұрғындарын ауызсу мәселесі толғандырса, Толыбай ауылының халқы  ұялы байланыс пен ауызсу проблемасын шешіп беруді сұрады. Аудан бойынша  28 елді мекеннің 13-і, яғни ауданның елді мекендерінің жалпы санынан 46%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, онда 18 959 адам тұрады, бұл — аудан халқының жалпы санының 75%-ын құрайды. Ақтасты ауылындағы сумен жабдықтау объектілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары  әзірленген. Бүгінгі күні жобаға сараптама жүргізу үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Тұрғындардың  мәселесімен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта  аталған түйткілдің шешім табатындығын жеткізді.

«Қандай мәселелер барын өздеріңізден есту  үшін арнайы келгендіктен, ауызсу, ұялы байланыс қызметтерін тез арада  шешуді жауапты мамандарға жүктеймін, Президент тапсырмаларының орындалу барысы да жеке қадағалауымда», — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс басшысы тұрғындармен кездесуден соң,Толыбай ауылындағы Әбілқайыр хан атындағы мұражайды аралап, жұмыстарын көрді. 2015 жылы бой көтерген музейде Әбілқайыр ханның  жеке мөрінің  көшірмесі, генеологиялық шежіресі, ханның портреті т.б. жәдігерлер қойылған. Ауыл жастарына, мектеп оқушыларына  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен«Ұлы даланың  жеті  қыры»  мақаласы  аясында  тарихи жәдігерлердің мән-мағынасы  түсіндіріліп отырады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button